Өткен жұманың қорытындысы бойынша Теңге индексі оған дейінгі аптадағы (2023 9-13 қаңтары) өсімді нығайта түсті. Бұған теңгенің ресейлік рубльге қатысты нығаюы дәлел бола алады. Қазір валюта бағамының қалыптасуына санкциялар аясында рубльдің әлемдік валюталарға қатысты әлсірегеніне теңгенің кешігіп «жауап беруі» ықпал етіп отыр. Бұдан әрі Urals маркалы мұнайға қатысты дисконттың өсуі Ресейді мұнай өндіруді қысқартуға және бір мезетте ресейлік рубльді әлсіретуге итермелеуі мүмкін.
Ғаламдық доллар жайғасымының әлсіреуіне және мұнай бағасының өсіп бара жатқандығына теңге тарапынан айтарлықтай жауаптың болмауы, оның о баста тым нағайып кеткендігін білдіруі мүмкін.
«Қытай тарапынан энергия тасымалдаушыларға сұраныс артуы мүмкін» деген болжамдарға байланысты үмітшілдік, сондай-ақ антиресейлік санкцияларға байланысты ұсыныстардың шектелуі аясында мұнай бағасы екінші апта қатарынан өсіп жатыр. Біз алдағы аптада мұнай нарығында анау айтқандай өзгеріс бола қоймайды деп ойлаймыз. Өйткені Қытай Жаңа жылының тойлануы бұл елдің тарапынан отынға деген сұранысты уақытша азайтары анық.
Алайда Аспанасты елінде зауыт-фабрикалардың жұмысы қайта жанданған соң, сұраныс күрт өсуі мүмкін. Ал бұл әлемдік нарықта энергия ресурстарын сатып алушылардың үрейін, ал оны сатушылардың үміт отын оятуы бек мүмкін.
Онымен қоса АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің алдағы отырысы да әлемдік нарықта құбылмалылықтың уақытша өсуіне түрткі боларлықтай фактор. Негізгі мөлшерлеменің тағы да 50 базалық пунктке өсу – нарық үшін күтпеген тосынсый болары анық. Өйткені бұған дейін ФРЖ басшылығы нарыққа мөлшерлемелердің өсу қарқынының бәсеңдегені туралы белгі берген болатын.
Теңге индексінің өзгеру серпінімен біздің сайтта мына сілтеме бойынша танысып шығуға болады: https://jusananalytics.kz/kz/kztxja/