Дастархан индексі: 2023 жылдың ақпан айының қорытындылары

Алматы тұрғынына арналған индекс – 159 порция

Азық-түлік себетінің бағасы бір ай ішінде 0.6%-ға өсті. Бұл Дастархан индексіне әсер етті. Ал ол 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 1 порцияға азайды. Атап өту керек, қаңтар айында алматылық тұрғынның орташа жалақысы 16.4%-ға өсуіне байланысты Индекс те күрт жоғарылады (+19 порция).

Алайда соған қарамастан, Индекс қолға алынғалы бері (2022 мамыр) 5 порцияға азайды. Бұған Алматыда майдың (+35.5%), еттің (+25%), көкөністің (+22%) және жұмыртқаның (+19.2%) қымбаттағаны ықпал етті.

Ресми статистика деректері бойынша есептелген Индекс 211 порцияны құрайды.

Астана тұрғынына арналған индекс – 238 порция

Елорда тұрғыны үшін Индекс 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 2 порцияға көбейді. Өйткені еттің бағасы арзандады (-2.2%). Атап өту керек, қаңтарда Индекс рекордтық көрсеткіш – 40 порцияға өсті. Өйткені Астанада орташа жалақы 20.5%-ға артқан болатын.

Соңғы 10 ішінде май (+105.3%), ұн мен жарма (+21.1%) және қант (+20.1%) пен ет (+14.6%) бағаларының айтарлықтай өскендігіне қарамастан, Индекс бақылау басталғалы бері (2022 мамыр) 20 порцияға көбейді.

Ресми статистика деректері бойынша Дастархан индексі 226 порцияны құрайды.

Жеке инфляция

2023 жылдың ақпанында алматылық тұрғынның жеке инфляциясы 0.5%-ды (қаңтарда 5.0%), астаналықтың жеке инфляциясы – 0.7%-ды (13.1%) құрады. Ресми статистика деректері бойынша Алматы тұрғыны үшін жеке инфляция деңгейі 1.0%-ға (1.9%), ал астаналық үшін 1.3%-ға (4.3%) тең.

Өнімдердің Алматыдағы бағасы. Тағамдар топтамасын дайындау үшін қажетті салмақтар ескерілген жоқ, теңге

Азық-түлік өнімдері  Jusan big-data    Ресми статистика    Айырмашылық  
Ет13 5239 053+49%
Көкөністер2 8132 848-1%
Күнбағыс және сары май7 1524 686+53%
Жұмыртқа593466+27%
Ұн және жарма887938-5%
Сүт522501+4%
Қант508479+6%
Басқалар (ашытқы мен шай)18 73511 943+57%

Өнімдердің Астанадағы бағасы. Тағамдар топтамасын дайындау үшін қажетті салмақтар ескерілген жоқ, теңге

Азық-түлік өнімдері  Jusan big-data    Ресми статистика    Айырмашылық  
Ет11 6469 543+22%
Көкөністер2 2913 794-40%
Күнбағыс және сары май6 0815 371+13%
Жұмыртқа537589-9%
Ұн және жарма9921083-8%
Сүт465401+16%
Қант535475+13%
Басқалар (ашытқы мен шай)16 38011 913+38%

Азық-түлік себетінің бағасын Jusan big-data және ресми статистика деректері бойынша өзара салыстыра отырып, мына нәтижелерді атап өтуге болады. Біздің деректер бойынша Алматы қаласында азық-түлік өнімдері 32.2%-ға қымбат, ал Астанада керісінше 5.6%-ға арзан. Бағалардағы айырмашылықтың себебіне келер болсақ, біздің есептеулерге Алматының жаңа дүкендеріндегі бағалар қосылды. Ал олар орташа деңгейден жоғары. Бұл ретте Астанада жаңа дүкендер саны аса көп емес.

Дастархан индексінің қозғалысы, азық-түлік себетінің құны мен азық-түлік бағалары мұқият көрсетілген интерактивті графика мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://jusananalytics.kz/kz/dastarhan/.

Оқуды ұсынамыз
6 Сәуір 2023

15 Наурыз 2023

24 Ақпан 2023