Теңге индексі

Jusan Analytics командасы Теңге индексін әзірлеп шықты (KZTX JA)

Индекс теңгенің шетел валюталарына (доллар, рубль еуро) қатысты түзету коэффициентіне көбейтілген, орташа геометриялық өлшемді бағамдары ретінде есептеледі. Бұл Индекстің мәнін 100-ге – индекс есебінің базалық күніне сәйкестендіреді (2018 жылдың желтоқсаны). Бұған дейінгі мерзімді біз қарастырмаймыз. Өйткені біздің пікірімізше 2016-2018 жылдары бағам белгілеу жаңа жағдайға – құбылмалы айырбас бағамы режіміне бейімдетілді.

KZTX JA = 13 481,2*KZTUSD0.65*KZTRUB0.25*KZTEUR0.1

Қалыптастырылған индекс теңгенің саудада және аударымдарда қолданылатын негізгі шетелдік валюталарға қатысты сатып алу қабілетін көрсетеді. Осылайша индекстің көмегімен теңгенің белгілі бір валютаға қатысты ғана емес, жалпы күш-қуаты туралы да сөз қозғауға болады. Сәйкесінше Теңге индексінің жоғарылағаны теңгенің негізгі валюталарға қатысты нығайғандығын, ал төмендегіні керісінше сатып алу қабілетінің төмендегенін білдіреді.

Байыпты коэффициенттер Теңге индексінің валюталық құрылымын білдіреді:

  • АҚШ доллары – 65%;
  • Ресей рублі – 25%;
  • Еуро – 10%.

Теңге индексі үшін үлестерді таңдап үлестіру орташаланған валюталық құрылымды:

  • Қазақстанның негізгі әріптестерімен арадағы тауар айналымын,
  • валюталық төлемдер мен аударымдарды,
  • биржалық валюта нарығы мен қолма-қол валюта нарығында валютамен операция жасауды білдіреді.

Сауда-саттықта Қытай мен Еуропалық одақтың үлесі жоғары болғанымен, сауда мәмілелерінде негізгі төлем жасау валютасы АҚШ доллары екені белгілі. Біз валюталық құрылымды 2-3 жылда 1 рет қарастыратын боламыз.

Теңге индексі ұлттық валютаның жекелеген валюталық жұптарға қатысты жай-күйіне талдау үшін қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ Теңге индексі теңге бағамының серпіні: теңгенің өзінің жалпына нығаюына ма әлде жекелеген шетел валютасыынң әлсіреуіне байланысты өрбіп жатқан-жатпағандығын түсінуге де мүмкіндік береді.

Теңге индексінің (KZTX JA) динамикасы бойынша толыққанды шолу, түсіндіру және ықпалдар Валюта нарығына апта сайынғы шолу аясында жарияланатын болады.


Төменде Теңге индексіне арналған интерактивті дашбордтар орналастырылған. Қарап шығу ыңғайлы болуы үшін браузердің десктоптық (компьютерлік) нұсқасын пайдалануға немесе мобильді нұсқадан «Дербес компьютерге (ПК) арналған нұсқаға» өтуге кеңес береміз. Теңшеуді мобильді браузердің мәзірінен табуға болады – ол оң жақ бұрыштағы үш нүкте.

Оқуды ұсынамыз
28 Наурыз 2023

Jusan Analytics командасы Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларының индексін есептеп шығарды (XPI JA)

20 Наурыз 2023

Индекс Астана мен Алматы қалалары тұрғындарының жеке инфляциясының деңгейі мен сатып алу қабілетін бағалауға мүмкіндік береді

12 Желтоқсан 2022

Jusan Analytics командасы Тұтынушылардың белсенділік индексін есептеп шығарды