Jusan Analytics сайтын пайдалану шарттары

Бұл сайт «Jusan Bank» АҚ-қа (бұдан әрі – Jusan) тиесілі және оны Jusan Analytics зерттеу орталығы басқарады. Сіз сайтты пайдаланар алдында осы Шарттарды (2022 жылғы 1 маусымдағы нұсқа) мұқият оқып шығуыңыз қажет.

 

СІЗ[1] САЙТҚА КІРЕ ОТЫРЫП, ТӨМЕНДЕ КЕЛТІРІЛГЕН ШАРТТАРМЕН ЖӘНЕ ЕРЕЖЕЛЕРМЕН КЕЛІСКЕНІҢІЗДІ БІЛДІРЕСІЗ. СӘЙКЕСІНШЕ, ЕГЕР СІЗ ШАРТТАРМЕН НЕМЕСЕ ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ ҚАНДАЙ ДА БІР БӨЛІГІМЕН КЕЛІСПЕЙТІН БОЛСАҢЫЗ, СІЗДЕН ӨТІНІШ, САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУДАН БАС ТАРТЫҢЫЗ.

ШАРТТАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕРГЕ БІЗ ӨЗ ҚАРАУЫМЫЗБЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУГЕ ҚҰҚЫМЫЗ БАР. ШАРТТАРДЫҢ БАСЫНДА КЕЛТІРІЛГЕН НҰСҚАНЫҢ ЖЫЛЫ МЕН КҮНІ СОҢҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ҚАШАН ЕНГІЗІЛГЕНІН, СОНДАЙ-АҚ САЙТТЫ ШАРТТАРДЫҢ ЖАҢА НҰСҚАСЫ ЖАРИЯЛАНҒАН СОҢ ПАЙДАЛАНҒАНЫҢЫЗДЫ, ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕРМЕН КЕЛІСКЕНІҢІЗДІ БІЛДІРЕДІ. СІЗ ӘР КЕЗ, САЙТҚА КІРГЕН ШАҚТА, КЕЛІСІМНІҢ ЖАҢА НҰСҚАСЫ ЖАРИЯЛАНҒАН-ЖАРИЯЛАНБАҒАНЫН ТЕКСЕРУІҢІЗ ҚАЖЕТ.

 

Авторлық құқық

Авторлық жұмыстар және сайтқа орналастырылған бүкіл ақпараттар: мәтін, дизайн, тауар белгісі, аудио және бейне жазбалар мен кескіндер (графикалар, кестелер, сызбалар, суреттер ж.т.б), оларды таңдау және орналастыру, сонымен қатар материалдың негізін құрайтын немесе жоғарыда айтылғандарға кіріктірілген модельдерді, үдерістерді, болжамдарды қосқанда кез келген контент, сондай-ақ кез келген жетілдіру жұмыстары немесе солардан туындаған жұмыстар сайттың “Ішкі мазмұны” болып табылады және Jusan Analytics-тің меншігіне жатады. Егер осы құжатта, сайттың бетінде немесе жұмыстың өзінде басқалай атап көрсетілмесе, оларды Jusan Analytics-тің авторлығын көрсетпестен көшіруге, жолдауға, паш етуге, таратуға (оның ішінде ақша үшін) өзгертуге немесе басқаша жолмен толық немесе жартылай пайдалануға болмайды.

Егер сіз авторлық құқық туралы кез келген мәлімдемені немесе жұмыстың құрамында болуы мүмкін басқа да мәлімдемелерді өшіріп тастамайтын болсаңыз, онда ақпаратты жеке басыңызға пайдалану мақсатында сайттан көшіруіңізге, жүктеуіңізге және қағазға басып шығаруыңызға болады.

 

Сайттың мазмұны мен материалдары

Сайтта орналасқан ақпараттар мен материалдар тек ақпараттық мақсатқа арналған. Jusan Analytics командасы сайтқа орналастырылған контенттің дұрыстығын, дәйектілігін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралардың барлығын жүзеге асырады. Бірақ толықтығына, өзектілігіне немесе дәлдігіне кепілдік бере алмайды. Шынайы, дәйекті, ашық ақпаратқа негізделген пікірлер, болжамдар мен бағалаулар алғашқы жарияланған күніне қарай Jusan Analytics командасының пайымы болып табылады және алдын ала ескертусіз кез келген уақытта өзгертілуі мүмкін.

Материалды пайдаланушы ұсынылған материалға өзінің жеке тәуекелдерін ескере отырып, жеке жауапкершілігі аясында сүйенеді.

Сайтта орналастырылған ақпараттар мен материалдар, сондай-ақ оларға қол жеткізу және оларды пайдалану шарттары алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін және кез келген инвестициялық, басқарушылық шешім қабылдауға берілген ұсыныс немесе нұсқаулық болып табылмайды, сондай-ақ кез келген құзырет аясында баяндалған тақырыптар бойынша берілген ақыл-кеңес те болып есептелінбеді.

Сайтты толтыру және жүргізу бойынша жауапты тұлға ретінде Jusan Analytics тобы сайттағы ақпаратты өзгерту немесе оны толықтыру бойынша өзіне міндеттеме немесе жауапкершілік алмайды.

Үшінші бір тұлғалардың сайтта орналастырылған материалдар негізінде жасаған әрекеттері үшін Jusan, оның еншілес және байланыстағы ұйымдары өздеріне жауапкершілік алмайды. Жауапкершіліктен бас тарту шарттары сондай-ақ мәнмәтіннен тыс алынған немесе сайттағы ақпараттың негізінде кез келген материалға немесе сайттағы ақпараттар негізінде жалпыланған материалдарға да қолданылады.

 

Үшінші тараптар

Сайтта немесе онда орналастырылған материалдарда Jusan-ға, оның еншілес және байланысы бар ұйымдарына қатысы жоқ үшінші тұлғалардың ресурстарына сілтемелер болуы ықтимал. Олар тақырыптарда көтерілген ақпараттарға жол сілтейтін нұсқаушы ретінде ғана берілген және сайтты пайдаланушыларға керек болуы мүмкін. Біз ол сайттарды басқармаймыз және оларды пайдалану немесе пайдалану мүмкін еместігіне, сондай-ақ мазмұнына, олардың дәлдігіне, толықтығына немесе кез келген мақсатқа қолдануға жарамдылығына ешқандай кепілдік бере алмаймыз. Сонымен қатар біз мұндай сайттардың немесе олардың мазмұнының авторлық құқық, тауар белгілері, вирустар бойынша кез келген кінәрат-талаптардан, арыз-шағымдардан немесе басқа да ластанулардан таза екендігіне де кепілдік бере алмаймыз.

 

Пайдаланушылардың жарияланымдары

Пайдаланушы сайт бетінде ақпарат жариялаған жағдайда (сауалдамаға жауаптар, сауалнамалар, түсініктемелер, жарияланымдар ж. т. б) ол Jusan-ның, дәлірек Jusan Analytics-тің мұндай ақпаратты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы тыйым салмаған кез келген мақсатта және пішінде қолдануға және жариялауға құқығы бар екендігін мойындайды және мұнымен келіседі. Сауалдамаларды, сауалнамаларды және т. б. толтыру барысында пайдаланушылар ұсынған дербес деректерді жинау және сақтау ережелері Jusan Analytics Құпиялылық саясатымен реттелген.

 

Жауапкершілікті шектеу

Сайт және ондағы бүкіл ақпараттар пен материалдар әртүрлі факторлар, оның ішінде мүмкін болар адами және техникалық қателіктерге байланысты “Қаншалықты бар және қолжетімді” қағидасы бойынша ұсынылған.

Jusan, атап айтқанда Jusan Analytics контентті ұсынушы ретінде:

  • сайтқа қатысты, оның ішінде тауарлық сипаттағы кез келген ұйғарынды кепілдікті, нақты мақсатқа жарамдылығын, вирустардың жоқтығы немесе басқа да зиянды кодты қосқанда ешқандай кепілдік бермейді;
  • ақпараттың дәлдігіне, барабарлығына немесе толықтығына кепілдік бермейді;
  • сайтты пайдалану барысында пайдаланушыда бізге қатысы жоқ себептер бойынша пайда болған кез келген қиындықтар (интернетке қолжетімсіздік, компьютерлік вирустар, зиянды кодтар немесе сайттың басқа да ақаулары, сондай-ақ кез келген басқа проблемалар) үшін жауап бермейді.

Jusan, оның еншілес және байланысы бар ұйымы ешбір жағдайда сайтты немесе оның бір бөлігін қолдану нәтижесінде немесе қолдану мүмкін болмаған жағдайда жіберіп алған пайда, мүмкіндіктер үшін немесе жанама, жағымсыз, кездейсоқ, арнайы, айыпұлдық немесе басқа да залалдар үшін, мейлі олар мұндай жағдайдың орын алуы мүмкін екендігі туралы (кез келген нысанда және түрде ) хабардар болсын-болмасын, жауап бермейді.

Сайтқа немесе оның қандай да бір бөлігіне қолжеткізуге байланысты қандай да бір сұрақтар немесе қиындықтар туындаған сәтте Сіз сайтта көрсетілген байланыс нөмірлері бойынша хабарласып, жадайдың мән-жайын анықтай аласыз.

 


[1] Мұнда және бұдан әрі “сіз” және “пайдаланушы” деген ұғымдар сайттың кез келген пайдаланушысына қатысты.