JUSAN ANALYTICS
бұл Jusan тобының зерттеу орталығы. Біз экономика мен өмір мәселелерін зерделейміз және талдамалы зерттеулерімізді оқырмандардың назарына ұсынамыз. Біз кәсіби аналитиканы адамдар мен бизнеске барынша түсінікті және қолжетімді еткіміз келеді.
Қоғам мен бизнеске экономикада өзіндік жол табуға көмектесу. Тиімді шешімдер қабылдап, өздерінің әл-ауқаттарын ұтымды басқарулары үшін оларға ақпараттық және сараптамалық қолдау көрсету
Біз аталмыш жобаға академиялық қолдау көрсетіп келе жатқан Назарбаев Университетімен стратегиялық әріптес екенімізді мақтан тұтамыз.
Біз сіздердің алдарыңызда әділміз және адалмыз. Біздің материалдарымыздың қалыптасуына ешкім және ешқашан ықпал ете алмайды.
Біз жауапкершілікті жақсы түсінеміз және оны толығымен қабылдаймыз. Біздің зерттеулер тек тексерілген, дәйекті деректерге негізделген.
Біз адамдар мен қоршаған әлемнің мүдделерін қорғау мәселесіне келгенде аса табандылық танытамыз. Біз ESG (экология, әлеуметтік саясат және корпоративтік басқару) қағидаларын басшылыққа аламыз.
Біз ынтымақтастыққа басымдық береміз, сондай-ақ команданың кәсіби және тұлғалық жағынан жетілуге деген талпынысын қолдаймыз.
БІЗДІҢ КОМАНДА
Jusan Analytics – бұл арнайы жоба, жоба болғанда да дарынды жандарға арналған жоба. Сондықтан біз үшін ең басты актив, ол – адамдар.
Біз дамуға, әріптестікке және меритократияға (білім мен қабілетке негізделген тең мүмкіндіктер) жіті көңіл бөлеміз.
Біз өз ішімізден нағыз кәсіпқой мамандардың өсіп шыққанын қалаймыз. Бізде іс-тәжірибеден немесе тағылымдамадан өтуге ниет білдірген студенттерге есігіміз ашық.
Бізде үш бағыт қолға алынған: экономикалық талдау, маркетингтік зерттеу және мини редакция.
Біздің командаға қосылыңыз – түйіндемеңізді analytics@jusan.kz электрондық поштасына жолдаңыз.