Жаңажылдық дастарханның бағасы (2022.26.12)

Осымен үшінші аптаға созылған бақылаудың нәтижесі бойынша жаңажылдық дастарханның бағасы астаналық отбасы үшін өзгерген жоқ. Ал алматылық отбасы үшін тағы да 0.2%-ға қымбаттады. Өткен апта да солай болған еді.

2022 ж. 26 желтоқсанындағы жағдай бойынша жаңажылдық дастарханның бағасы

АлматыАстана
40 778 теңге (▲ 0.2%)39 418 теңге

Қаралып жатқан аптаның қорытындысы бойынша Алматыда грек салаты мен мәнтіні дайындау 2.8%-ға қымбаттады. Грек салаты бағасының өсуіне қиярдың (+23.6%), қызанақтың (+1.8%) және зәйтүннің (+1.1%) қымбаттағаны әсер етті. Негізгі тағам – сиыр етінің турамасы 3.3%-ға, пияз 3.9%-ға, ал ұн 1.2%-ға қымбаттады. Тағамның бұдан әрі қымбаттап кетуіне картоптың арзандап жатқандығы (-6.6%) тежеуде.

Дәл осы картоп бағасының арзандауы оливье салатын дайындау бағасының сақталуына және тон жамылған машабақтың (-0.5%) арзандауына септігін тигізді.

Жаңажылдық дастарханға қойылатын сусындар мен десерттер 0.6%-ға, ал жемістік себет 0.2%-ға арзандады.

Оқуды ұсынамыз
6 апреля 2023

20 марта 2023

15 марта 2023