Jusan Analytics Жаңа жылға арналған дастарханның бағасын есептеді

Jusan Analytics пен Informburo.kz Алматы мен Астанада 4 адамдық отбасы үшін жаңа жылдық дастарханның бағасы қанша болатындығын есептеп шығарды.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында әрбір жанұя мерекелік дастархан жайын уайымдап, жоспар құрып, дайындала бастайтыны белгілі. Әрине, кім де болса бұл күннің қуанышты өткенін қалайды. Дегенмен дастарханның қалай болу керектігі туралы әрбір отбасының көзқарасы, пікірі әрқалай.

Сонымен Jusan Analytics жаңажылдық дастарханның бағасын есептеу үшін Informburo.kz редакциясының «классикалық үлгіде» әзірлеген мына ас мәзірін қарап шықты: оливье, «тон жамылған майшабақ», грек салаты, жеміс және ет тіліктері, мәнті, жемістер, торт және кәмпиттер, сондай-ақ жеміс шырын және шампан шарабы.

Барлық тағамдардың рецептурасы Informburo.kz сайтында мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://informburo.kz/stati/vo-skolko-oboidyotsya-kazaxstancam-novogodnii-stol

Осылайша жаңажылдық дастархан алматылық отбасы үшін 40 577 теңге, ал астаналық отбасы үшін 39 428 теңге болды. Еске сала кетелік, өткен жылы Informburo.kz редакциясының деректері бойынша төрт адамнан тұратын қазақстандық отбасының жаңажылдық дастарханы 33 618 теңгені құраған еді.

Алматы тұрғындары үшін жаңажылдық салаттарды біз 3 511 теңгеге (докторлық шұжық қосылған оливье), 3 216 теңгеге (грек салаты) және 2 357 теңгеге (тон жамылған майшабақ) бағаладық. Елордалықтар үшін олар сәйкесінше 3 567, 2 793 және 2 543 теңгеге бағаланды.

Жаңажылдық дастарханға қойылатын жемістер мен ет тіліктері алматылық отбасы үшін 15 072 теңгеге түсті. Олардың ішінде 9 358 теңге 140 грам қызыл уылдырық сатып алуға жұмсалады. Ал астаналық отбасының дастарханына қойылатын тіліктер уылдырыққа жұмсалатын 8 685 теңгені қоса есептейтін болсақ, 14 644 теңге болады.

Алматы тұрғыны бір келі мандарин, банан, жүзім және алма салынған жеміс себетіне 4 170 теңге төлейді. Ал Астана тұрғыны үшін осындай себеттің бағасы 3 861 теңгені құрайды.

Бір келі сиыр етінің турамасы қосылып, әзірленген мәнтіге алматылықтар 3 097 теңге жұмсаса, астаналықтар үшін 2 776 теңге болады. Жаңажылдық дастархандағы сусындар мен десерт Астанада тұратын отбасына қымбатқа түседі: 9 244 теңге. Ал Алматы қаласында тұратын отбасы үшін сәл арзандау болады: 9 154 теңге.

Оқуды ұсынамыз
20 Наурыз 2023

14 Наурыз 2023

10 Наурыз 2023