Дастархан индексі: 2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы

Алматы тұрғыны үшін Индекс – 144 порция

Жаңа жыл қарсаңында көкөністің бағасы өскенімен, Индекс қарашадағы деңгейінде қалды.

Бақылау қолға алынғалы бері (2022 мамыр) Индекстің мәні 20 порцияға азайды. Алматыда 8 ай ішінде өсімдік майы 25.3%-ға, ет 20.7%-ға, жұмыртқа 8.8%-ға қымбаттады.

Дастархан Индексін ресми статистика деректері бойынша қайта есептейтін болсақ, ол 190 порцияны құрайды. Еске сала кетелік, қараша айының қорытындысы бойынша 193 порцияны құрған болатын.

Астана тұрғыны үшін Индекс – 208 порция

Индекс біртіндеп төмендеп жатыр. Қараша айындағы қорытындымен салыстырғанда ол тағы 2 порцияға азайды. Бұған еттің (бір ай ішінде +1.1%), шайдың және ашытқының (+4.4%) қымбаттағаны себеп болды.

Бақылау қолға алынғалы бері (2022 мамыр) Индекс 10 порцияға азайды. Өйткені бұған еттің (+15.8%), өсімдік майының (46.3%), ұн мен жарманың (+11.1%) және қанттың (+18.0%) қымбаттағаны әсер етті.

Ресми статистика бойынша есептелген Индекс 199 порцияны құрайды.

Жеке инфляция

Желтоқсан айында алматылық азаматтың жеке инфляциясы 0.04%-ды (қарашада 1.9%), астаналықтың жеке инфляциясы 1.6%-ды (0.7%) құрады. Ал ресми статистика деректеріне негізделген жеке инфляция Алматы тұрғыны үшін 1.8%-ға (2.7%), Астана тұрғыны үшін 1.8%-ға (7.7%) тең.

Өнімдердің Алматыдағы бағасы. Тағамдар топтамасын дайындау үшін қажетті салмақтар ескерілген жоқ, теңгемен

Азық-түлік өнімдері  Jusan big-data    Ресми статистика    Айырмашылық  
Ет128508943+44%
Көкөністер25132233+13%
Күнбағыс және сары май66274632+43%
Жұмыртқа541460+18%
Ұн және жарма837922-9%
Сүт513486+6%
Қант497480+4%
Басқалар (ашытқы мен шай)1801311891+51%

Өнімдердің Астанадағы бағасы. Тағамдар топтамасын дайындау үшін қажетті салмақтар ескерілген жоқ, теңге

Азық-түлік өнімдері  Jusan big-data    Ресми статистика    Айырмашылық  
Ет118479641+23%
Көкөністер13362852-53%
Күнбағыс және сары май43805191-16%
Жұмыртқа513564-9%
Ұн және жарма9251086-15%
Сүт442392+13%
Қант525491+7%
Басқалар (ашытқы мен шай)1467911174+31%

Желтоқсан айында Jusan big-data және ресми статистика бойынша азық-түлік бағасы шамалы ғана өзгерді. Бір айта кететін жайт, өнімдердің біздің деректерге негізделген бағасы ресми ресми статистикаға негізделген бағаларға қарағанда жоғары. Бұл айырмашылық біздің ойымызша мынаған байланысты: желілік дүкендерде бағалар баяу өзгереді немесе ресми статистиканың ауқымы кең, яғни сатушыларды, (олардың ішінде ұсақ азық-түлік дүкендері және басқа да делдалдар бар) көп қамтиды.

Дастархан индексінің қозғалысы, азық-түлік себетінің құны мен азық-түлік бағалары мұқият көрсетілген интерактивті графика мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://jusananalytics.kz/kz/dastarhan/.

Оқуды ұсынамыз
6 апреля 2023

20 марта 2023

15 марта 2023