Біз Қазақстанның ең ірі екі қаласында тұратын 4 адамдық екі отбасының жаңажылдық дастархандарының бағасы қаншалықты өзгеріп жатқандығын бақылаудамыз. Екінші аптаға созылған бақылау барысында дастархан бағасы астаналық отбасы үшін өзгерген жоқ, ал алматылық отбасы үшін 0.2%-ға өсті.
2022 жылдың 15 желтоқсанындағы жағдай бойынша жаңажылдық дастарханның бағасы
Алматы | Астана |
40 678 теңге (▲ 0.2%) | 39 418 теңге |
Айталық, Алматыда грек салатына қолданылатын қияр, оливье салатына қолданылатын жасыл бұршақ және тіліктерге қолданылатын ысталған шұжық сәйкесінше 12,7%, 6.6% және 5.9%-ға қымбаттады. Салаттардың бұдан әрі айтарлықтай қымбаттауына картоп (-5.6%) пен пияз (-1.8%) бағаларының төмендегені тежеу болды.
Картоп пен пияз сондай-ақ негізгі тағам – мәнтіні дайындауға қолданылады. Бұл тағам оның ішінде ұн бағасының 1.1%-ға төмендеуі себебінен 3%-ға арзандады.
Нағыз жаңажылдық өнім – мандариндерге сұраныс артып жатыр. Соның салдарынан оның бағасы 1.7%-ға қымбаттады.
Егер жалпы жемістер себеті туралы айтатын болсақ, алманың бағасы ғана 2.1%-ға арзандады. Қалған жемістердің бағасы өзгерген жоқ.
Сусындар мен десерттердің бағасы да өзгеріссіз қалды.