АҚШ ФРЖ басшысының жыл сайынғы симпозиумда сөйлеген сөзі

АҚШ ФРЖ басшысы Джером Пауэлл Канзас-Сити федералдық резервтік банкінің жыл сайынғы экономикалық симпозиумында сөйлеген сөзінде өршіген инфляцияны ауыздықтау мақсатында америкалық реттеушінің қаршығалық бағытты ұстанатынын тағы да растады.
Пауэлл мырзаның айтуынша америкалық орталық банк бағаларды тұрақтандыру үшін бұдан кейін де пайыздық мөлшерлемелерді көтеруді жалғастырады. АҚШ ФРЖ басшысы инфляцияны толық бақылауға алу үшін ұзақ уақыт керек екендігін мойындады.

АҚШ-та инфляция жылдық тұрғыда жоғары деңгейде. Айталық, тұтыну бағаларының индексі мағымдағы жылдың шілдесінде 8.5%-ды құрады. Инфляцияны құраушы бөліктері тұрғысында айтар болсақ, америкалық тұтынушылар үшін азық-түлік бағасы шілде айында жылдық есепте 10.9%-ға өсті. Алайда инфляцияның айлық өсімі бәсеңдеп жатыр. Демек АҚШ ФРЖ жүргізіп жатқан өктем де қатаң ақша-несие саясаты америкалық нарықта бағаның өсуіне қатысты жағдайды тұрақтандырып жатыр деген сөз. Бұдан бір ай бұрын елде бағалар жылдық есепте 9.1%-ға өскен болатын. Бұл соңғы 40 жыл ішіндегі тарихи максималды көрсеткіш.

Нарыққа қатысушылардың пікірінше америкалық реттеушінің негізгі мөлшерлемесі 2023 жылға қарай 3.75-4.0%-ға дейін өседі және бұл инфляцияны жеңіп, терең экономикалық құлдыраудан құтылуға мүмкіндік береді.

Жалпы әсері

Осылайша біз доллардың нығайғанын күтеміз. Сәйкесінше дамушы елдердің валюталарына қысым арта түседі. Монетарлық талаптарды елеулі түрде қатаңдату бойынша жоспарлардың расталуы экономикалық үдерістер мен жекелеген жобаларды болжалдау аясында тәуекелсіз табыстылық мөлшерлемесі мен қосымша тәуекел-сыйлықақыларды қайта қарауға әкеп соғады. Бұл ретте пайыздық мөлшерлемелердің өсуі дамушы елдерден капиталдың жылыстауына және АҚШ-тың тәуекелсіз инвестициялық құралдарына салынатын инвестицияның артуына әкеп соғады.

Сонымен қатар АҚШ ФРЖ экономистер, жұртшылық және басқа да реттеушілер үшін мына қағиданы тағы да растады: инфляциямен күрес қашанда басымдыққа ие және мөлшерлемелерді инфляцияның төмендегінің алғашқы белгілері пайда болмай жатып, көтеру қажет. Инфляцияның уақытша сипатқа ие екендігі, экономика және лайықты даму үшін оның қажет екендігі туралы гипотеза келмеске кетті. Алайда экономиканың дамуы бойынша әлсіз деректерді ескере отырып, мұндай өктем сипатқа ие қаршығалық риторика қор нарығының құлдырауына әкеп соғуы мүмкін. Ал бұл рецессиялық құбылыстардың пайда болуына түрткі болуы ықтимал.

Маусымның ортасында АҚШ ФРЖ қаршығалық монетарлық саясаты және күш алып бара жатқан инфляция аясында экономистер америкалық экономикада рецессияның алдағы 12 ай ішінде пайда болу ықтималдығын 44%-ға дейін көтерді.

Қазақстанға ықпалы

Аталған жағдай бірінші кезекте теңге жайғасымының әлсіреуіне әсер етеді. Өйткені доллар және инвестицияның америкалық валютадағы табыстылғы өседі. Теңгелік жоғары инфляцияны және теңгелік активтер бойынша табыстылықтың төмен сыйлықақысын ескерсек, АҚШ доларындағы атаулы активтер бойынша табыстылық мөлшерлемесінің өсімі. Нарықтық мөлшерлемелердің тәуекел-сыйлықақысының қосымша артуына және теңгелік табыс алуға негізделген жобалардың инвестициялық тартымдылығының төмендеуіне әкеп соғады.

Оқуды ұсынамыз
6 Сәуір 2023

20 Наурыз 2023

15 Наурыз 2023