ҚР сыртқы саудасы (2022 жылдың қаңтар-мамыры)

Саудаға тоқсан сайынғы шолу: жағдайлар, көрсеткіштер, қауіп-қатерлер, тәуекелдер, болашақ пен үрдістер.

Негізгі тұжырымдар

 

Қазақстанның тауар айналымы 2022 жылдың қаңтар-мамыры аралығында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 53.6%-ға өстіҚазақстан үшін нарық жағдаяты оң сипат алуда. Соған сәйкес 2021 жылдан бастап, энергия тасымалдаушылардан түсетін экспорттық табыстар қалпына келе бастады. Мысалы, Brent маркалы мұнай бағасының бір баррелі 100 АҚШ долларын құрайды
Италия Қазақстанның өнімдерін ең көп сатып алатын елге айналды. Қазақстанның экспортының құрылымында бұл елдің үлесі 18.4%-ды құрайды2022 жылдың 5 айы ішінде Қазақстанның сыртқа шығарған минералды ресурстарының бағасы 23.2 млрд долларды құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен (12.8 млрд) салыстырғанда 81.3%-ға жоғары
Қазақстанға жалпы сомасы 5.1 млрд долларға (2021 жылдың 5 айында – 4.1 млрд доллар) машиналар, құрал-жабдықтар, көлік құралдары мен аспаптар импортталдыӨңірлік тұрғыдан алып қарағанда, Қазақстаннан сыртқа ең көп экспорт Атырау өңірінен шығарылыпты (13.6 млрд доллар), ал ең көп шетелдік импорт Алматыға жеткізілген (5.1 млрд доллар)
Ресей Федерациясы қазір де Қазақстанның негізгі сауда әріптесі: импорт – 6.6 млрд доллар, экспорт – 2.7 млрд долларШикізаттық тауарлардың әлемдік бағасы өскенімен, олар бәрібір Қазақстанға сырттан әкелінетін, қымбат дайын тауарлардың бағасын өтей алмайды
Нақты айырбас бағамы (НАБ) Қазақстанның Ресеймен тауар айналымына әсер етпеді. Дегенмен нақты тиімді айырбас бағамының (НТАБ) бірден төмен түсуі сауда көлемі мен шартына кешуілдетіп болса да әсер етуі мүмкінҚазақстанда тауарларды экспортқа шығаруда кедергілер жетерлік. Тауарлар қоржыны әлсіз артараптандырылған. Ал экспорттық өнімдердің құрылымында төменгі шектегі тауарлар (дәнді дақылдар, көкөністер, жемістер, тыңайтқыштар және т.б) басым
Мұнайды Еуропаға экспорттаудың негізгі жолының (Каспий құбыр желісі консорциумы) уақытша жабылып қалу қаупі сақталудаБолашақта Қытай, Үндістан, Түркия және Орталық Азия мемлекеттері Қазақстан үшін тұрақты импорт көзіне және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді экспорттаудың тартымды нарықтарына айналулары мүмкін

Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Внешняя торговля РК (январь-май 2022 года) Внешняя торговля РК (январь-май 2022 года)
ҚР сыртқы саудасы (2022 жылдың қаңтар-мамыры) ҚР сыртқы саудасы (2022 жылдың қаңтар-мамыры)
Foreign trade of the Republic of Kazakhstan (January-May 2022) Foreign trade of the Republic of Kazakhstan (January-May 2022)
Оқуды ұсынамыз
31 Наурыз 2023

29 Наурыз 2023

Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа

27 Наурыз 2023