Экономиканың озыңқы индикаторы (2023 2 айы)

2023 жылдың 2 айының қорытындысы бойынша ҚЭИ өсімі бәсеңдеп, 4.0%-ды құрады.

Қызметтер көрсету секторындағы өсімнің 7.6%-дан 5.0%-ға бәсеңдеуі салдарынан аздаған салқындық байқалады. Бұл ретте тауарлар өндірісі секторы керісінше 2.3%-дан 2.7%-ға дейін өсті.

Экономиканың басты салалары өздерінің оң серпінде дамуын жалғастырды. Бұл ретте байланыс саласында, көтерме және бөлшек саудада, көлік және қоймаға жинау, сондай-ақ тау-кен өндіру секторларында өсу қарқынының аздап төмендегені байқалды. 

Нақты секторда ең жоғары өсімді құрылыс саласы көрсетті – 12.8%. Қаңтар-ақпанда тұрғын үй ғимараттары құрылысы 11.8%-ға қысқарды. Бұл ретте тұрғын үй емес  орынжайлар құрылысы 35.4%-ға артып, тұрғын үй құрылысындағы қысқаруды білдіртпеді. Басқа да ғимараттар салу 5.3%-ға өсті.  Саланың бұлайша жоғары қарқынмен өсуі негізгі капиталға жұмсалатын инвестицияның 19.3%-ға (өткен жылы +2.6%) көбейгендігі, құрылыс жобаларының қолданысқа берілуі және мемлекет тарапынан тұрақты түрде көрсетіліп жатқан қолдаулардың арқасында орын алуда.

Ауыл шаруашылығы саласында өсу қарқыны 3.9%-ға дейін үдеді. Бұл мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлері өндірісінің 4.1%-ға артқандығына байланысты болды.

Өнеркәсіп секторында жағдай бірмәнді емес. Ол 1.6%-ға өсті. Тау-кен өндірісі саласында өсім 1.2%-дан 0.5%-ға дейін баяулады. Өткен жылмен салыстырғанда көмір (-15%) және темір кендерін өндіру (-29.8%) азайып кетті. Алайда түсті металдар (+7.6%) мен басқа да пайдалы қазбаларды өндіру (+12.9%) бұл қысқаруларды білдіртпеді.

Сонымен қатар шикі мұнай мен газ өндірісі өткен жылғы деңгейінде қалды. Бұған біздің пікірімізше, КҚК-да мұнай жөнелту бойынша кезекті проблеманың туындауы әсер етті.

Өңдеуші салада Өнеркәсіптік өндіріс индексінің өсімі 2.5%-ды құрады. Сектордың бұлайша өсуі тоқыма бұйымдарының (+54.1%), электр құрылғыларының (+48.7%), жеңіл өнеркәсіптің (+34.3), машина жасаудың (+31.5%) және сусын шығарудың (+22.6%) қарқынды өндірісі арқасында қамтамасыз етілді. Металлургия (-11.3%) және темекі бұйымдары өндірісі (-2.6%) керісінше қысқарды.

Қызметтер көрсету секторындағы салқындық негізгі салалардағы өсу қарқынының бәсеңдеуі есебінен орын алды. Қаңтардағы «шарықтаудан» кейін осылай болуы заңды құбылыс.

Айталық, телекоммуникация және байланыстағы өсім 18.1%-дан 12.0%-ға, сауда 19.4%-дан 11.5%-ға, көлік және қоймаға жинап қою 8.0%-дан 6.1%-ға дейін бәсеңдеді.

Байланыс саласы интернет (+22.3%) және теледидар (+16.5%) желілері қызметі арқасында өсуде. Өйткені олардың дамуына мемлекеттік бағдарламалар мен жоспарлар арқылы қолдау көрсетілуде.

Көтерме және бөлшек саудада да өсу қарқыны төмендеуде. Бұл ретте бөлшеке саудаға азық-түлік тауарлары жағымсыз әсер етуде. Өйткені олардың сатылым деңгейі -5.5%-ға дейін азайды. Бұған халықтың нақты табыстарының түсіп, бағаның айтарлықтай өскендігі себеп болуда. Көтерме сегментте азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауралардың сатылымы тұрақты түрде өсуде.

Көлік және қоймаға жинап қою салаларында әсіресе жолаушылар тасымалы (+19.0%) мен жолаушы айналымында (+33.8%) жақсы көрсеткіштер тіркелді. Соның нәтижесінде кәсіпорындардың тасымалдаудан түскен табыстары 738.0 млрд теңгені құрады.


Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Опережающий индикатор экономики (2 месяца 2023) Опережающий индикатор экономики (2 месяца 2023)
Экономиканың озыңқы индикаторы (2023 2 айы) Экономиканың озыңқы индикаторы (2023 2 айы)
Leading indicator of economy (2 months of 2023) Leading indicator of economy (2 months of 2023)
Оқуды ұсынамыз
31 Наурыз 2023

29 Наурыз 2023

Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа

10 Наурыз 2023

2023 жылдың алғашқы айында ҚЭИ жақсы өсіп, 5.0%-ды құрады.