ОПЕК+ отырысы қарсаңында, сондай-ақ EIA (АҚШ-тың энергетикалық ақпарат басқармасы) және API (Американың мұнай институты) мұнай өнімдері қорының өсуіне қатысты деректері аясында, мұнай бағасы біртіндеп төмендеп, бір баррелі 100 доллардан төмен түсті.
3 тамызда ОПЕК+ отырысының қорытындысы шыққан соң, Brent маркалы мұнай бағасы 2 долларға түсіп, бір баррелі 96 долларды құрады. Мұнай қорының бұлайша аздаған өсімін ОПЕК+ былайша түсіндіреді: қосымша қуатқа қолжетімділік шектеулі және ұсыныс тарапында алдағы уақытта не болатындығы айқын емес.
ОПЕК+ шешімі нарық үшін күтпеген шешім болған жоқ. Ол тіпті бағаға айтарлықтай әсер ете алмайды. Өйткені тәжірибе көрсеткеніндей, картель мүшелері мұнай өндіру бойынша жоспарланған мақсатқа жете алмайды немесе жеткісі келмейді.
Мұнайдың қазіргі жоғары бағасы ірі мұнай өндіруші мемлекет – Сауд Арабиясы үшін өте тиімді. Екінші тоқсанның қорытындысы бойынша Сауд Арабиясының экономикасы 11.8%-ға өсті. Бұл соңғы 10 жыл ішіндегі ең жоғары өсім. Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыс аясында мұнай бағасының қымбаттауы және сол кезеңде мұнайдың қарқынды түрде өндірілуі өсімнің негізгі триггеріне айналды.
Жақын болашақта мұнай өндіру құны әлдеқайда төмен және сұраныс артып тұрған қазіргі кезеңде үстеме табыс алу үшін мұнай өндіру көлемін арттыра алатын елдер ең жоғары тимділікке қол жеткізе алады. Алайда алдағы уақытта бірқатар рецессиялық тәуекелдерді және әлемдік экономиканың суйтыны туралы болжамдарды ескерсек, мұнай өндіруді арттыру оған деген сұраныстың жопарлы түрде төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін. Бұл өз кезегінде бағалардың түсуіне жағымсыз әсер ететін болады.