Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

Бүгін ҚРҰБ базалық мөлшерлемені бұрынғы – 14.5% деңгейінде сақтау жөнінде шешім қабылдады. Сонымен қатар қаржылық реттеуші өзінің бағалауларын жаңартты:

20222023-2024

ЖІӨ

2.5-3.5%

(2.8-3.8% – маусымдағы болжам)

4-5%

(3.5-4.5%)

Инфляция 16-18%

(13-15%)

7.5-9.5% (7.5-9.5%) – 2023 жыл

5.5-7.5% (мақсатты дәліздің жоғарғы шегі 4-5%) – 2024 жыл

Соңғы деректер бойынша инфляциялық болжам да нашарлады: тамыздың деректері бойынша ол – 16.5% болды. Шілдеде – 15.6% болған еді.

Ұлттық Банк Тейлордың классикалық ережесіне сүйене отырып, инфляциялық үдерістер бойынша жағдайға қысқаша шолу жасады. Бұл рете ЖІӨ және макроэкономикалық көрсеткіштер қолданылады. Жоғарыда аталған деректер елде бағалық тұрақсыздықтың күшейгендігін растайды. ҚРҰБ пікірінше бағалық тұрақсыздық – сыртқы есеңгіретулердің салдары және базалық мөлшерлемені одан әрі көтеруді талап етпейді.

Соңғы айларда мұнай бағасы мен азық-түліктің әлемдік бағаларының біртіндеп төмендеуі монетарлық шарттарды қатаңдату бойынша кідірістің себебі болуы ықтимал. Бұл ретте қаржы реттеушісінің ағымдағы шешімді қабылдауына әсіресе экономикалық даму келешегінің ықтимал нашарлауы (ол монетарлық шарттарды қатаңдату салдарынан туындауы мүмкін) түрткі болуы мүмкін.

ХВҚ-ның ғаламдық экономиканың одан әрі дамуына қатысты болжамының нашарлауы, КҚК мәселесінің әлі де түсініксіздігі, ірі кен орындарындағы жұмспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты мұнай өндірудің қысқаруы, сондай-ақ мұнай бағасының қазіргі деңгейіне қатысты қауіп-қатерлер тәуекелдердің өршуіне себеп соқты. Бұл елдегі әскерлік белсенділікке кері әсер етуі мүмкін.

Айталық, ағымдағы экономикалық өсім көп жағдайда экспорттық түсімнің елеулі түрде ағылуы, сондай-ақ тұтыну және инвестициялық сұранысты қолдау мақсатында бюджеттік шығындардың өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Энергия тасымалдаушылардың бағасы түсіп жатыр. Оған ықпал ете алмаймыз. Бұған қоса енді базалық мөлшерлеменің одан әрі көтерілуі онсыз да қауіп-қатерден көз ашпай жатқан іскерлік белсенділікті шектеуі мүмкін. Ал егер шикізаттық ресурстар нарығында есеңгіретулер жүзеге асырылса немесе тауарларды жеткізуде қиындықтар туындаса, бұл ішкі нарықтық іскерлік белсенділік шектеліп жатқан жағдайда рецессиялық құбылысқа әкеп соғуы ғажап емес.

Тәуекелдер жүзеге асып кетсе, олардың келеңсіз әсері күшті болатыны анық. Міне, осыны ескере отырып, мөлшерлемені ағымдағы деңгейде сақтау бизнес үшін қолайлы қаржыландыру жағдайын қамтамасыз етуге және бірқатар нарықтық жобаларды жүзеге асыруға қажет. Бұл жобалар инфляциялық қысымның ықтимал күшеюі бойынша тәуекледерден жоғары.

Осылайша ағымдағы шешімді ескере отырып, нақты мөлшерлеме теріс сипатқа ие. Бұл жалпы ҚРҰБ-тың баспасөз хабарламасында айтылған – экономиканың дамуына жағдай жасау міндетіне сәйкес келеді. Алайда жоғарыда аталған инфляциялық үдерістерді және олардың басқа да экономикалық көрсеткіштерге ықпалын ескере отырып, экономиканың өсуін қамтамасыз ету өте қиын болмақ.

Оқуды ұсынамыз
6 Сәуір 2023

20 Наурыз 2023

15 Наурыз 2023