2022 жылдың мамырында жұмыртқа бағасы жылдық тұрғыда 8.1%-ға арзандады. Бұл үрдіс жыл басынан бері жалғасуда. Бір жағынан баға мемлекеттің қаражаттандыруы арқасында төмендеуде. Әрине, өндірушілер үшін шығындар өсіп жатыр. Бірақ соған қарамастан, біздің пікірімізше, жұмыртқа бағытындағы құс фабрикаларын қолдауға бюджеттен қосымша қаражаттың бөлінуі бағаны тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағалауынша құс шаруашылығында жем сатып алу шығындары өндірушілердің барлық шығындарының шамамен 70%-ын құрайды. Жемнің басым бөлігі Қытайдан, Өзбекстаннан және Ресейден жеткізіледі. Дәнді дақылдар бағасының жалпы әлемдік сипаттағы өсімі бәрібір жемнің қымбаттауына әкеп соғады. Ал бұл құс шаруашылығы өнімдерінің бағасына әсер етпей қоймайды. Бұдан басқа геосаяси дағдарыстың себебінен логистикаға және өндіріске қатысты туындап жатқан қиындықтар да бағаның өсуіне елеулі түрде ықпал етеді.
Бағаны ұстап тұруға мемлекет тарапынан қаражат бөлу мәселелерді жоя алмайды. Бұл жерде жүйелік тәсіл қажет шығар. Импорттық құрама жем бағасының өскендігін, айырбас бағамын және логистикалық шығындарды ескерер болсақ, отандық құс шаруашылығының осы импорттық өнімдерге тәуелділігін азайту үшін ішкі өндірістің дамуына жағдай жасау керек деп санаймыз.