АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесінің негізгі мөлшерлемесі қалай өзгерді?

Былтырғы жылдың соңынан бері АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесінің (ФРЖ) саясаты ынталандыру сипаттан тежеуші сипатқа ие болды. Өйткені әлемде геосаяси және экономикалық жағдайлар нашарлаған үстіне нашарлай түсуде. Ал бұл жөнінде ФРЖ-ның Ашық нарық федералдық комитеті (ФОМС) мен әлемдік зерттеу ұйымдарының болжамдары мүлдем басқаша болатын. Онсыз да қиын жағдайды Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыс одан бетер ушықтырып, әлемдік рецессияның – экономикалық тұралау қаупін тудырды.

Дж. Пауэлл өзінің соңғы мәлімдемесінде ФРЖ мөлшерлемені төмендетпейтіндігін және алдағы уақытта керісінше 4–5%-дық межеге жеткізу үшін көтеретіндігін жеткізді. ФРЖ экономика белгілі бір уақыт ішінде тұралап қалса да инфляцияны ауыздықтау керектігін алға тартты. Осы ретте ФРЖ-ның риторикасы жыл барысында түбегейлі өзгергенін және қазіргі мәлімдемесі бұрынғы айтылғандардан тіпті басқаша екендігін байқауға болады. Бұл экономикалық факторлардың тым құбылмалылығын және нақты болжам жасауға мүмкіндік бермейтіндігін білдіреді.

Отырыс болған күндерАҚШ ФРЖ шешімі
21.01.11ФРЖ экономикаға қолдау көрсету үшін 2021 жылдың қыркүйегінен бастап, мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыруды ұйғарады. Мақсат – пандемиядан кейін экономиканы қалпына келтіру, сондай-ақ еңбек нарығы жұмыспен толық қамтылғанша жұмыссыздықты төмендету және бағаны тұрақтандыру үшін инфляцияны 2%-ға жеткізу.

Дәйексөз: «Егер инфляция біз көздеген деңгейден жоғары болып тұрса, біз саясатымызды түзетеміз. Мөлшерлемені көтеретін уақыт әлі келген жоқ».

21.15.12Инфляция өскенімен ФРЖ экономиканы ынталандыру мақсатымен мөлшерлемені көтермеуді ұйғарды. Ондағы мақсат – еңбек нарығында жұмыспен қамту деңгейін барынша көтеру және бағаны тұрақтандыру.

Дәйексөз: «Инфляция енді уақытша сипатқа ие емес. Мөлшерлемені экономиканы ынталандырып болған соң көтереміз».

22.01.26ФРЖ мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырады, бірақ көп ұзамай оны көтеретіндігін хабарлады.

Дәйексөз: «Инфляцияға қатысты ахуал 2021 жылдың желтоқсанындағы жағдайға қарағанда нашар. Биыл жағдай бұдан әрі жақсармады. Өйткені тауар жеткізу тізбектеріне қатысты мәселе шешілген жоқ. Бірақ инфляция күндердің бір күнінде төмендейді.

22.16.03ФРЖ мөлшерлемені көтереді. Федрзеревтің пікірінше бұл шара инфляцияның өсуіне байланысты сөзсіз қабылдануы керек болды.

Дәйексөз: «Комитет ұзақ мерзімді келешекте халықты жұмыспен толық қамтуға және инфляция деңгейін 2%-ға түсіруге ұмтылады. Комитет монетарлық саясатқа қатысты тиісті тәсілді қолдана отырып, инфляцияның 2%-ға оралатындығын және еңбек нарығының күшейетіндігін күтеді».

22.04.05ФРЖ мөлшерлемені 0.75 п.т-қа көтерді. Америкалық реттеуші өзінің баспасөз релизінде резервтің қалдықтары жеткілікті деңгейге жеткенінше теңгерім қысқара беретіндігін көрсетті.

Дәйексөз: «Мұнай бағасының күрт өсуі және Қытайдың кейбір аймақтарында COVID-19 пандемиясына байланысты локдаун жариялануы АҚШ-та инфляцияның күшеюіне ықпал етеді. Комитетте келесі екі кездесуде мөлшерлемені қосымша 50 базистік пунктке көтеру мәселесі қаралуы керектігі туралы пікір қалыптасты».

22.15.06ФРЖ бетке алған бағытымен жүріп келеді: инфляцияны тежеу және халықты жұмыспен барынша қамту мақсатында мөлшерлемені көтеріп, балансты қысқартты.

Дәйексөз: «Мөлшерлемені әрі қарай көтеру орынды. Орталық банк әлі де ұзақ мерзімді келешекте халықты барынша жұмыспен қамтуға және инфляцияны 2%-дық деңгейге жеткізуге күш салады».

22.27.07ФРЖ инфляцияны тежеп, жұмыссыздықты қысқарту үшін мөлшерлемені көтерді. Одан басқа Федрезерв мөлшерлеме экономиканы қолдау және инфляцияны тежеу үшін соншалықты бір жоғары көтермегендігі туралы ойды алға тартты.

Дәйексөз: «Инфляцияны төмендету біз үшін аса маңызды. Мөлшерлемені тағы бір рет үлкен пайызға көтеру орынды болар. Бірақ енді бұл нақты деректерге байланысты. Бұл ретте инфляцияны мақсатты көрсеткішке қайтару үшін жүргізіліп жатқан саясат жеткілікті дәрежеде қатал ма деген сұрақ туындайды».

22.21.09ФРЖ мөлшерлемені 0.75 п.т.-қа көтерді. Америкалық реттеушінің шешімі мен нарықтың болжамы әлі де инфляция бойынша статистикаға негізделуде.

Дәйексөз: «Біз тауар жеткізу тізбектері қалпына келген соң, инфляция төмендей бастайды деп болжаған едік. Тізбектер шынында да қалпына келе бастады. Алайда инфляцияның төмендейтін түрі жоқ. Осы себепке байланысты біз мөлшерлемені әрі қарай көтеру саясатын жалғастыруды жөн көрдік».

22.02.11ФРЖ осымен төртінші рет мөлшерлемені 75 б.п.-ке көтерді. Бірақ бәрібір инфляциядан төмен. Мөлшерлеме 4% болса, инфляция – 8.2%. Еуроодақта жағдай да бұдан да нашар: базалық мөлшерлеме – 2%, ал инфляция – 10.7%.

Дәйексөз: «Біз барлығы қатаң бақылауда деп ойлап едік. Қателесіппіз… Кідіріс болады деп йтуға әлі ерте».

Оқуды ұсынамыз
20 Наурыз 2023

14 Наурыз 2023

10 Наурыз 2023