Наурызға мерекелік дастархан

Наурызға арналған мерекелік дастарханға ұлттық тағам түрлері де қойылатыны белгілі. Біздің Дастархан индексінің  мәзірі қазақстандықтардың сүйікті 5 тағамынан: сорпа, етауқат, жаңа дайындалған салат, бауырсақ және тамақтан кейін берілетін жент,  сондай-ақ сүт қосылған шайдан тұрады.

Наурыз мерекесі қарсаңында Алматыда бір адамға дастархан жаю – 2 457 теңге, ал Астанада – 1 958 теңге болады. Демек, отбасындағы бірнеше адамға немесе қонақтарға арналған дастархан бағасын есептеу үшін Дастарханның базалық құнын адамдардың санына көбейтсе болғаны. Осылайша 4 адамдық алматылық отбасы мерекелік дастарханға 9 828 теңге, ал астаналық отбасы – 7 832 теңге жұмсайды.

Еске саламыз, Индекс тұтынушының сатып алу қабілетін және жанама түрде жеке инфляцияның деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Ол орташа жалақының Дастархан тағамдарын дайындауға арналған азық-түліктердің бағаларына ара қатынасы ретінде есептеледі.

Жаңа деректер бойынша есептелген Индекс, мысалы алматылық азамат өзінің орташа жалақысына басқа шығындарды қоспағанда, 160 адамға дастархан жая алатындығын көрсетеді. Алматы тұрғынына арналған Индекс осынша порцияны құрайды. Бұл ретте сонау өткен жылдың мамыр айында, біз бірінші рет оны есептеген кезде ол 156 порцияға тең болған еді.

Астана тұрғыны үшін Индекс 239 порцияны құрайды. Соңғы 10 ай ішінде ол астаналықтың орташа жалақысының ұлғаюына байланысты 21 порцияға артты.

Біз инфографикада 11 адамға арналған Дастархан бағасын қарап шықтық. Өйткені Наурыз – бұл бірінші кезекте символизмге және дәстүрге толы отбасылық мереке. Көне дәстүрлердің біріне сәйкес, әрбір адам үйіне 7 қонақ шақырып, өзі 7 үйде қонақ болуы керек. Сондықтан біз есептеу үшін дастарханды 7 қонақ пен 4 отбасы мүшесіне жаямыз (бұл Қазақстандағы үй шаруашылықтарының орташа мөлшері).

Оқуды ұсынамыз
14 Наурыз 2023

10 Наурыз 2023

16 Ақпан 2023