Біз әзірлеген Тұтынушылардың белсенділік индексі сұраныстың қай кезеңдерде өскендігін және тұтынушылардың белсенділігі өткен кезеңдердің ең жоғары мәндеріне қатысты қалай өзгергендігін көрсетеді.
Айталық, 2021 жылы сұраныстың артуы жылдың тек екінші жартысында ғана байқалды. Бұл кезеңде индекстің көрсеткіштері межелік мәндерді басып оза бастады. Ал бұл елімізде локдаун жариялау және шекараны жабу кезеңінен кейін экономикалық белсенділіктің қайта қалпына келе бастағандығын білдіреді.
Ағымдағы жылдың басында Қазақстанда қаңтар оқиғасына байланысты тұтыну белсенділігі айтарлықтай төмендеді. Бірақ кейіннен сұраныс қалпына тез келді және белсенділік оңтайлы деңгейде сақталды. Өткен жылдың ең жоғары тұтыну мәнінен асатын алғашқы көрсеткіш наурыз айының аяғына тура келді. Біздің пікірімізше бұл Наурыз мерекесіне және ұзаққа созылған демалыс күндеріне байланысты болды.
Жазғы кезеңнен бастап, тұтыну бірқалыпты өсіп, Индекс өткен жылдың максималды мәнінен (100%-ға сәйкес келетін мән) тұрақты түрде жоғары тұрды. Мұның барлығы өсіп жатқан инфляция аясында орын алып отыр. Бұл өсім экономикада инфляция шығыршығын тудыруы мүмкін. Біздің пікірімізше бұған ұлттық валютаның босаңсуы мен инфляциялық болжамның өсуі де ықпал етуі мүмкін. Мұндай жағдай әрине, адамдардың мінез-құлқына әсер етіп, оларды «баға өспей тұрғанда тауарларды көптеп сатып алуға» итермелейді.
Әдетте тұтынудың ең жоғары мәні қыркүйек және желтоқсан айларына сәйкес келетіндіктен, «Тұрғындар тарапынан сұраныс одан әрі ұлғайып, бағалардың өсуіне ықпал ете бастайды» деп болжам жасауға болады.