2022 жылдың қорытындылары: Қазақстан экономикасының дамуы

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смаилов 2022 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан эконормикасының даму көрсеткіштерін жариялады. Үкімет басшысының айтуынша 2022 жылы экономиканың нақты өсімі +3.1%-ды құрады.

Отандық экономиканың өсу қарқыны өткен жылдың мамырынан қазан айына дейін жалғасқан тұралаудан кейін, енді міне, үдей бастады. Экономиканың дамуына негізінен нақты сектор үлес қосты. Ол да болса, құрылыс саласының есебінен. Айталық, құрылыс саласының өсу қарқыны ұзақ уақыт бәсеңдеп, желтоқсанда қайта қалпына келді. Сөйтіп жыл қорытындысы бойынша +9.4%-ға өсті (бұдан бір ай бұрын жылдық өсім +4.3%-ды құраған еді). Ауыл шаруашылығының (+9.1%, бір ай бұрын +8.5%), байланыстың (+8.0%, бір ай бұрын +7.6%) және сауданың (+5.0%, бір ай бұрын +4.8%) өсу қарқыны да жақсы нәтиже көрсетті.

Осы ретте өнеркәсіп секторында тежелу байқалды. Оған мұнай мен пайдалы қазбаларды өндіру көлемінің төмендегені себеп болды (соның нәтижесінде тау-кен өндіру саласы 1.0%-ға қысқарды). Өңдеуші сектордың өсуі де әлсіреді (қарашада +4.2%, желтоқсанда +3.4%).

Осылайша экономикадағы оң өзгерістер күткенімізден де жақсы болып шықты. Бұған әрине, құрылыс саласының күрт өсуі оң әсер етті. Бұл ретте біздің пікірімізше құрылыс саласының қарқынды дамуына жаңа және ескі ипотекалық бағдарламаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері себеп болды.

Оқуды ұсынамыз
20 Наурыз 2023

14 Наурыз 2023

10 Наурыз 2023