АҚШ-та инфляция жылдық тұрғыда шілдедегі 8.5%-дан тамызда 8.3%-ға дейін төмендеді

Инфляцияның бәсеңдеу қарқыны нарықтың болжамыннан төмен болды (Bloomberg сауалнамасының деректері бойынша) – 8.1%.

Базалық инфляция жылдық тұрғыда 6.3%-ға өсті (0.6% а/а). Бұл жерде азық-түлік пен энергия көздерінің бағасы (Core CPI) есепке алынған жоқ. Ал болжам сәйкесінше 6.1% және 0.3% болды.

АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесі (ФРЖ) комитетінің мүшелері үшін бұл деректер монетарлық шарттарды өктем түрде қатаңдатуды жалғастырып, қаршығалық риториканы сақтау керектігінің белгісі. Инфляцияның базалық бағалаудан және болжамдық көрсеткіштерден төмен болуы бір аптадан кейін болатын келесі отырыста негізгі мөлшерлемені тағы да кем дегенде 75 базистік тармаққа көтеруге нағыз уәж болып табылады.

Инфляциялық болжамдар туралы деректер (болжамның шілдедегі 6.22%-дан тамызда 5.75%-ға дейін төмендеуі) шыққаннан кейін нарықтық көңіл-күйде пайда болған оптимизмді қазіргі қатаң болмас жаратпай тастады.

CPI (тұтыну бағаларының индексі) бойынша деректер жарияланған соң-ақ, доллар индексі 108.22-ден 109.83 пунктке дейін (+1.49%) өсті. Қор фьючерстері инфляция бойынша статистика шыққанға дейін сенімді өсіп жатқан үдеріске қарамастан керісінше төмендеп кетті. Мұнайдың бір баррелі 93.5 долларға дейін түсті. Әйтпесе бұған дейінгі аптаның соңында бір баррель 88.6 доллардан 94 долларға дейін көтерілген еді.

Осылайша тамызда инфляция бойынша шыққан деректер америкалық акциялардың жаппай сатылымға шығарылуына әкеп соқты. Оған қоса нарыққа қатысушылардың инвестициялық портфельдерінің құрылымы тәуекелі төмен активтерге қарай ойысты. Ағымдағы деректерді ескерсек, әлемдік экономиканың «жерге қатты қонуы», яғни құлдырауы шындыққа айналып келеді.

Осы ретте ғаламдық инфляциялық ахуал жоғары және дамушы елдердің валюталарына қысым күшейе түсуде.

Оқуды ұсынамыз
6 Сәуір 2023

20 Наурыз 2023

15 Наурыз 2023