АҚШ-тағы инфляция және ФРЖ отырысынан үміттену

АҚШ-та инфляция жаңа рекордтар орнатып, соңғы 40 жыл ішінде максималды мәндерге жетіп отыр. Айталық, ағымдағы жылдың мамыр айында әлемнің осынау ең ірі экономикасында тұтыну бағасы 1.0%-ға, ал жылдық тұрғыда 8.6%-ға өсті. Бұл 1981 жылдан бергі абсолютті рекорд.

АҚШ экономикасында бағаның бұлайша теңдессіз өсуі бастапқыда коронадағдарыс пен тауар жеткізілімінің ғаламдық тізбегіндегі іркілістер салдарынан туындаған еді. Ал ағымдағы жылдың наурыз айында ФАО (БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының) азық-түлік бағалары индексінің күрт өсуі аясында тез жоғарылап кетті. 2022 жылдың наурызында ФАО азық-түлік бағалары индексінің орташа мәні 159.3 тармаққа көтерілді. Бұл осы индекс алғаш енгізілген 1990 жылдан бергі тарихи максималды көрсеткіш.


Ақпарат көзі: Refinitiv, Financial Times

Тұтыну бағалары аясында ең жоғары өсім энергия тасымалдаушыларда тіркелді. Олар жылдық тұрғыда 34% -ға өсті. Мысалы, елде бензиннің орташа бағасы бір галлон (= 3,78541 литра) үшін 5 доллардан асты. Осылайша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60%-дан асты. Мұндай секіріс ең алдымен Ресейдің мұнайгаз секторына қарсы санкциялар, мұнай экспорттаушы ОПЕК+ елдерінің саясаты, сондай-ақ отынды экспорттаудың дәстүрлі бағыттарының өзгеруі нәтижесінде әлемдік энергетика нарығындағы тұрақсыздық және болжап білуге болмайтындық салдарынан туындаған.

null

Азық-түлік өнімдерінің бағалары 12%-ға көтерілді. Бұл 1979 жылдан бергі рекордтық көрсеткіш болып табылады. АҚШ-та ағымдағы инфляцияның жеткен жері осы ма әлде тағы да өсуі мүмкін бе? Бұл туралы жетекші инвестициялық банктер мен талдаушыларда әлі нақты пікір жоқ.

Ал барған сайын күшейіп бара жатқан инфляция аясында АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесі (ФРЖ) нарыққа белгі беріп, жұмсақ монетарлық саясатты біртіндеп тоқтатуға кірісті. Сөйтіп, ағымдағы жылдың мамырында АҚШ-тың аталмыш жүйесі пайыздық мөлшерлемені 5.0 пайыздық тармаққа, яғни 0.75–1.0%-ға дейін көтерді. Бұл 2000 жылдан бергі рекордтық деңгей. Жалпы, мамандардың айтуынша ФРЖ пайыздық мөлшерлемесі нарықтық жағдайға қарай өсуін жалғастыра түседі және 2022 жылдың соңына қарай 2.7%-ға жетуі мүмкін.

Алайда АҚШ-тың орталық банкі инфляцияны ауыздықтау бойынша батыл әрекетті және АҚШ экономикасына келер жағымсыз әсерлерді азайту қажеттілігін өзара үйлестіре білуі керек. Өйткені монетарлық саясаттың тым басқыншылық ықпалы әлемнің осынау ең ірі экономикасында рецессиялық (құлдыраушылық) құбылыстардың өрбуіне әкеп соғуы ықтимал.

АҚШ-тың Қор индексі әдетте өзекті мөлшерлеменің өзгеруіне тым сезімтал келеді. Соңғы апта ішінде нарықта жаппай сатылымдар болғанын, көптеген инвесторлардың одан шығып кеткендігін байқадық. Нарықтың білдіріп жатқан белгілеріне зер салсақ, реттеушілердің стратегиясы мен әлемдік экономиканың, әсіресе АҚШ экономикасының даму келешегін түсінбеушілік нәтижесінде    елеулі бір айқынсыздық орын алғандығы байқалады.

Монетарлық реттеуші тарапынан тым басқыншы, өктем әрекеттердің болуы америкалық экономиканың даму келешегіне балта шабуы мүмкін. Бұл өз кезегінде инфляцияның әрі қарай өсуінен гөрі, елеулі және ұзақ мерзімді құрылымдық мәселелерге әкеп соғуы ғажап емес. Бұл ретте ФРЖ өз риторикасында нақты әрекет ету стратегиясын айқындап алуы керек. Әйтпесе қор нарығында жалғасып жатқан жаппай сатылымдар жеке тұлғалар мен фирмалардың әл-ауқатына кері әсер етіп, оларды ағымдағы тұтынуларын қысқартуға мәжбүрлеуі мүмкін. Мұндай әрекеттердің рецессиялық құбылыстардың триггеріне (себебіне) айналу қаупі де бар. Яғни, инфляцияны тежеуге ешқандай пайдасы болмайды деген сөз.

Инфляциялық болжамдарға сүйенер болсақ, біздің пікіріміз бойынша америкалық реттеуші нарықтың қатысушыларына бақылаудан шыққан инфляцияны ауыздықтауға бел байлағандығын көрсету үшін өзінің алдағы маусымдық отырысында федералдық қорлар бойынша мөлшерлемені 0.5 п. т. көтеруі мүмкін. Талдаушылар мен сарапшылардың басым бөлігі ФРЖ мөлшерлемені 0.75 п.т көтереді деп санайды. Алайда әлемдік экономиканың, сондай-ақ АҚШ-тың тұтынушылық және іскерлік белсенділігіне тиесілі бірқатар көрсеткіштердің төмендейтіндігіне қатысты болжамдарды ескере отырып, біз мұны артық деп санаймыз.

Оқуды ұсынамыз
20 марта 2023

14 марта 2023

10 марта 2023