Қыркүйек айында «Барлық тауарлар және көрсетілетін қызметтер» санаты бойынша нақты сұраныс төмендеді. Оның себебі инфляция. Ол үдей түскен. Халықтың шығындары нақты түрінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмен. Ал жыл бойы тоқтаусыз өсіп жатқан баға халықтың нақты тұтыну деңгейін түсіріп жіберді.
Сегменттер аясында Индекске азық-түлік тауарларына қатысты нақты сұраныстың төмендегені қатты әсер етті. Бұған өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда азық-түлік инфляциясының айрықша өскені себеп болды.
Осы ретте инфляцияға қарамастан, азық-түлікке жатпайтын тауарларға деген сұраныс жоғары. Ол өткен жылға қарағанда 16.42%-ға артты. Айталық, көліктер мен олардың қосалқы бөлшектеріне сұраныс өсті. Бұл маусымдық сипатқа ие.
Жыл айларының басым бөлігінде тұрмыстық техникаға деген сұраныс оң сипатта болды. Ал қазір сұраныс төмендеді. Оған бірқатар банктерде бөліп төлеу бағдарламаларының көбеюі себеп болды.
Киім-кешек пен аяқ киімге жұмсалатын шығындар қысқарды, бірақ әлі де оң сипатқа ие. Оларға деген сұраныстың шарықтау шегі жаздың соңы мен күздің басында байқалды.
Көрсетілетін қызметтер бойынша әуе билеттері мен құрылыс санаттарында шығындар өсті. Әуе билеттеріне деген сұраныстың сақталған себебі өткен жылы база төмен болған еді. Өйткені ол жылы карантиндік шектеулер әлі де сақталған болатын.
Тамыз айының аяғында құрылыс саласына қатысты шығындар өсті. Біздің пікірімізше, тұрғын үй нысандары негізінен көктем және күз айларында сатып алынды. Ал қазір болса, тұрғындар сол сатып алынған жылжымайтын мүліктерді ретке келтіріп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр деген сөз.