Біздің Индекстің нәтижесі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге деген сұраныс өткен жылдың деңгейінде сақталғандығын көрсетеді.
Азық-түлік тауарларына жұмсалатын шығындар азаюда. Бұл тамақ өнімдері бағаларының қымбаттауына байланысты адамдардың сатып алу қабілеті шын мәнінде төмендеп жатқандығын көрсетуі мүмкін.
Тұңғыш рет жыл басынан бері азық-түлікке жатпайтын тауарларға жұмсалатын шығындар өткен жылдың деңгейінен төмен қалыптасты. Оған құрылыс материалдарына, жиhазға, тұрмыстық техникаға және дәрі-дәрмектерге деген сұраныстың азайып жатқандығы себеп болды.
Дейтұрғанмен, кеңселік тауарларға, ойыншықтарға және спорт тауарларына жұмсалатын шығындар өткен апталармен салыстырғанда өсіп жатыр.
Көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындар өткен жылдың деңгейінде сақталды. Сұлулық пен денсаулық, құрылыс, темір жол тасымалы, кафе және мейрамханалар санаттары бойынша сұраныстың өсімі өткен апталарға қарағанда бәсеңдегені байқалады.
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге деген тұтынушылық сұраныс жаз мезгілімен салыстырғанда бәсеңдеді. Мұны жаздағы демалыс маусымының аяқталып, сұраныстың басқа сегменттерге ойыса бастағанымен түсіндіруге болады.
Осы ретте біз әзірлеген Тұтынушылардың белсенділік индексі бір апта ішінде 117% деңгейінде қалыптасты.