Тұтынушылардың белсенділік индексі

Jusan Analytics командасы Тұтынушылардың белсенділік индексін есептеп шығарды

Тұтынушылардың белсенділік индексі тұрғындар тарапынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге деген сұраныс қай мерзімдерде өсетіндігін, сондай-ақ тұрғындар арасында уақыт өте келе тұтынудың қалай өзгеретіндігін түсінуге мүмкіндік береді. Индекс барлық тұтыну шығындарының (Jusan Bank картасының көмегімен төлеу) берілген уақыт ішінде (апта) транзакция жасайтын бірегей клиенттердің санына қатынасы ретінде есептеп шығарылады. 100 индексінің мәні ретінде тұтынушылардың өткен жылдың ең белсенді кезеңдері – қыркүйек пен желтоқсандағы шығындары есепке алынады.

Егер индекс 100-ден жоғары болса, онда бұл кезеңдерде тұрғындар тарапынан тұтыну артады және нарықта сұраныстың өткен жылға қарағанда артқандығы байқалады. Бұл бағаға қосымша қысым түсіруі мүмкін.


Төменде Тұтынушылар белсенділігінің серпініне арналған интерактивті графика орналастырылған. Қарап шығу ыңғайлы болуы үшін браузердің десктоптық (компьютерлік) нұсқасын пайдалануға немесе мобильді нұсқадан «Дербес компьютерге (ПК) арналған нұсқаға» өтуге кеңес береміз. Теңшеуді мобильді браузердің мәзірінен табуға болады – ол оң жақ бұрыштағы үш нүкте.

80-нен төмен 80-100 100-ден жоғары
Шектеулі жиынтықҚалыпты тұтынуӘртүрлі тұтыну

Ескерту:
Тұтыну белсенділігі бойынша соңғы бірнеше апта ішіндегі деректер шамалы қайта қаралуы мүмкін.

Оқуды ұсынамыз
28 Наурыз 2023

Jusan Analytics командасы Теңге индексін әзірлеп шықты (KZTX JA)

28 Наурыз 2023

Jusan Analytics командасы Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларының индексін есептеп шығарды (XPI JA)

20 Наурыз 2023

Индекс Астана мен Алматы қалалары тұрғындарының жеке инфляциясының деңгейі мен сатып алу қабілетін бағалауға мүмкіндік береді