Тұтыну шығындарының индексі: 2022 жылғы 12-18 қыркүйек

Біздің Индекстің деректері бойынша күздің осымен үшінші аптасы қатарынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге деген сұраныс өткен жылдың деңгейінде сақталуда.

Азық-түлік тауарларына жұмсалатын шығындар азайып жатыр. Атап өту керек, олар қазір инфляцияның деңгейінен де төмен. Демек, адамдар қымбатшылыққа байланысты азық-түлік өнімдерін көп сатып алмайды.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың көпшілігі бойынша шығындардың өсуі әлі де сол бәсеңдеген күйінде. Айталық, құрылыс материалдарына, жиhаздарға, тұрмыстық техникалар мен дәрі-дәрмектерге деген сұраныс өткен жылмен салыстырғанда төмендеген.

Дәрі-дәрмектерге қатысты айтар болсақ, өткен жылдың осы кезеңінде елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны көп болды. Сәйкесінше дәрі-дәрмекке деген сұраныс артты. Сондықтан өткен жылдың жоғары базасы аясында биыл сұраныстың бәсеңдегені байқалады. Бұл ретте кеңселік тауарларға, ойыншықтарға және спорт тауарларына қатысты шығындар өсіп жатыр.

Көрсетілетін қызметтерге қатысты шығындар өткен жылдың деңгейінде сақталды. Алайда мына санаттар бойынша сұраныс артуда: сұлулық және денсаулық, сондай-ақ құрылыс. Медициналық көрсетілетін қызметтерге, әуе билеттеріне, демалыс пен туризмге қатысты шығындардың керісінше азайып жатқан жайы бар.

Осылайша біздің пікірімізше, жаз мезгілінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге деген сұраныстың суынғанын инфляциялық қысымның күшейгенімен (қыркүйекте жылдық инфляция 17.7%-ды құрады) және бұған дейін ұзақ мерзім пайдаланылатын тауарлардың қалыпты тұтыну деңгейінен де жоғары көлемде сатып алынғандығымен түсіндіруге болады.

Оқуды ұсынамыз
6 Сәуір 2023

20 Наурыз 2023

15 Наурыз 2023