Экспорттық бағалар индексі өткен аптада мұнайды есепке ала отырып, 2.40%-ға ұлғайды.
Мұнай бағасы 2023 жылдың 11 қаңтарынан бері өсіп жатыр. Бір апта ішінде 4.21%-ға қымбаттады.
Трейдерлер сұраныстың көбейетіндігін күтеді. Олардың бұлай болжам жасауына Қытайда коронавирустық шектеулердің жойылуы және бағаның шектелуін қолдаған елдерге мұнай экспорттауға тыйым салу туралы Ресейдің жарлығы себеп болып отыр. Қарастырылып жатқан аптада газ бағасы 13.73%-ға, ал соңғы бір ай ішінде 40.4%-ға төмендеді. Бұл қазіргі уақытта шектен тыс жылы ауа-райы қалыптасқан АҚШ пен Еуропада газ тұтынудың төмендегенінің салдары.
Баға индексі мұнайды есепке алмағанда 3.79%-ға төмендеді.
Жекелеген тауарлық жайғасымдар бойынша бағалардың өзгеру серпіні әр түрлі бағытта болды. Айталық, мыс 2.61%-ға қымбаттады. Ал уран, бидай және мырыш бағасы сәйкесінше 1.41%-ға, 2.50%-ға және 3.51%-ға арзандады. Сондай-ақ күміс (-2.13%) пен алюминий (-0.40%) бағалары да төмендеді.
Қарастырылып жатқан аптада мыс соңғы жеті ай ішіндегі максималды сома төңірегінде сатылды. Бұған Қытай тарапынан осы қызыл металға деген сұраныстың артуы оң сипатта әсер етті. Сондай-ақ бағаларға тауарларды Перуге жеткізудегі іркілістер кері әсер еткенін айта кету керек. Бұл елде халықтың наразылық шерулері өтіп жатыр. Жалпы шикізаттық тауарлардың бағалары Қытайдағы COVID-19-ға және Украина аумағындағы әскери қақтығысқа тығыз байланысты болып отыр.
Экспорттық бағалар индексінің өзгеру серпінімен біздің сайтта мына сілтеме бойынша танысып шығуға болады: https://jusananalytics.kz/kz/xpija/