Қыркүйек айының қорытындысы бойынша Дастархан Индексі Астана тұрғындары үшін 212 порцияны, ал алматылықтар үшін 153 порцияны құрады. Бір ай ішінде Индекс тек астаналықтар үшін өзгерді – яғни, 1 порция қосылды. Айта кетелік, бақылау басталғалы бері (2022 мамыр) Индекстің мәні Астана тұрғындары үшін 6 порцияға, ал Алматы тұрғындары үшін 11 порцияға қысқарды.
Дастархан Индексін ресми статистика бойынша қайта есептейтін болсақ, ол астаналықтар үшін 228 порцияны құраса (тамыздың қорытындысы бойынша 5 порция ▼, мамырмен салыстырғанда 9 порция ▲ ), алматылықтар үшін – 217 порцияны (2 порция ▼, 12 порция ▲) құрады.
16 және 64 порцияға айырмашылық тиісті өнімдерге қатысты ресми бағалардың төмендігімен түсіндіріледі. Индексті жасау барысында біз Дастархан тағамына сәйкес келетін және дайындауға қолданылатын сапалы өнімдерге ден қоямыз.
Қыркүйектің қорытындысы бойынша Астанада бір Дастархан тағамының бағасы:
- Jusan big–data: 1 848 теңге;
- ресми статистика: 1 718 теңге.
Тағамдар топтамасын дайындау үшін қажетті салмақты ескере отырып, өнімдердің Астанадағы бағасы, теңге
Азық-түлік | Jusan big-data | ресми статистика | ауытқу |
Ет | 1356 | 1202 | 12,8% |
Көкөністер | 129 | 130 | -1,1% |
Күнбағыс және сары май | 126 | 150 | -16,1% |
Жұмыртқа | 8 | 9 | -2,8% |
Ұн және жарма | 115 | 140 | -17,7% |
Сүт | 22 | 18 | 20,6% |
Қант | 17 | 20 | -14,4% |
Басқалар (ашытқы және шай) | 75 | 50 | 49,7% |
Қыркүйек айының қорытындысы бойынша Алматыда бір Дастархан тағамының бағасы:
- Jusan big–data: 2 296 теңге;
- ресми статистика: 1 617 теңге.
Тағамдар топтамасын дайындау үшін қажетті салмақты ескере отырып, өнімдердің Алматыдағы бағасы, теңге
Азық-түлік | Jusan big-data | ресми статистика | ауытқу |
Ет | 1700 | 1137 | 49,5% |
Көкөністер | 173 | 129 | 34,4% |
Күнбағыс және сары май | 181 | 132 | 37,1% |
Жұмыртқа | 8 | 8 | 9,4% |
Ұн және жарма | 107 | 118 | -8,7% |
Сүт | 25 | 24 | 2,6% |
Қант | 19 | 20 | -4,1% |
Басқалар (ашытқы және шай) | 83 | 50 | 66,2% |
Қыркүйек айында Jusan big-data деректері бойынша Астанада жеке инфляция – 0.2%-ды, Алматыда – 0.3%-ды құрады. Ал ресми статистика бойынша сәйкесінше 4.1% және 1.1% болды. Бұл айырмашылық ет мен май бағасының өскендігіне байланысты туындады.