Қазан айында Дастархан Индексі Астана тұрғындары үшін 212 порцияны, Алматылықтар үшін 152 порцияны құрады. Еске сала кетелік, қыркүйектің қорытындысы бойынша Индекс сәйкесінше 212 және 153 порцияны құраған еді.
Жеке инфляция қазан айында Алматыда 1.6%-ды, Астанада 0.3%-ды көрсетті. Жеке инфляция деңгейінің өсуіне сүт өнімдері, тауық жұмыртқасы және көкөніс бағаларының өсуі себеп болды. Жалпы көкөністер бойынша баға төмендейтін маусым аяқталды. Сәйкесінше енді өсе бастайды. Jusan big-data және ресми статистикада көрсетілген тауарлар топтамасы бойынша ай сайынғы өсімді бір-бірімен салыстырып қарайтын болсақ, біріншісінде тауарлардың бағасы баяу өскендігі байқалады. Бұған дейін біздің Дастарханға арналған тамақ өнімдері мен ресми статистикада көрсетілген өнімдер арасындағы сапалық деңгей әрқалай екендігін атап өткен болатынбыз.
Алайда қазан айында бағалар бойынша алшақтық қысқара түсті. Кейбір санаттар бойынша керісінше Jusan big-data-тегі тауарлар бағасы ресми статистикаға қарағанда жоғарылады. Бұл біздің топтамадағы өнімдердің бағасында инфляциялық тренд, яғни бағалардың өсе бастағаны байқалады.
Өнімдердің Астанадағы бағасы. Тағамдар топтамасын дайындау үшін қажетті салмақтар ескерілген жоқ, теңге
Өнімдер | Jusan big-data | Ресми статистика | Айырмашылық |
Ет | 11621 | 9667 | +20% |
Көкөністер | 1336 | 1653 | -19% |
Күнбағыс және сары май | 4381 | 5164 | -15% |
Жұмыртқа | 512 | 530 | -3% |
Ұн және жарма | 925 | 1099 | -16% |
Сүт | 440 | 362 | +21% |
Қант | 545 | 497 | +10% |
Басқалар (ашытқы және шай) | 14097 | 9645 | +46% |
Өнімдердің Алматыдағы бағасы. Тағамдар топтамасын дайындау үшін қажетті салмақтар ескерілген жоқ, теңге
Өнімдер | Jusan big-data | Ресми статистика | Айырмашылық |
Ет | 12850 | 8773 | +46% |
Көкөністер | 1799 | 1630 | +10% |
Күнбағыс және сары май | 6399 | 4563 | +40% |
Жұмыртқа | 560 | 460 | +22% |
Ұн және жарма | 823 | 896 | -8% |
Сүт | 504 | 481 | +5% |
Қант | 502 | 514 | -2% |
Басқалар (ашытқы және шай) | 18145 | 11427 | +59% |
Ресми статистика деректері бойынша есептеу барысында Дастархан Индексі астаналықтар үшін 213 порцияны (қыркүйек қорытындысымен салыстырғанда 15 порция ▼, 2022 жылдың мамырымен салыстырғанда орташа жалақының озық өсімі есебінен 6 порция▲), алматылықтар үшін 206 порцияны құрады (5 порция▼, 1 порция ▲). Осылайша Астана қ. бойынша Индексте айырмашылық жойылды деуге болады, ал Алматы қ. бойынша өнімдердің бағасындағы өзгешілікке байланысты 50 порцияға айтарлықтай айырмашылық бар.
Ресми статистика деректері бойынша жеке инфляция деңгейі қазан айында Астанада 1.5%-ға, Алматыда 2.0%-ға тең болды.
Дастархан индексінің серпіні, азық-түлік қоржынының бағасы және әрбір азық-түлік өнімдерінің бағасы бар интерактивті графикалар мына сілтемеде қолжетімді: https://jusananalytics.kz/dastarhan/.