Дастархан Индексі: 2022 жылғы қараша айының қорытындысы

Алматы тұрғындарына арналған Индекс – 144 порция

Бір ай ішінде Индекс 8 порцияға азайды. Индекстің бұлайша айтарлықтай төмендеуі негізінен көкөніс (+13.3%) пен сүт (+2.7%) бағаларының қымбаттауына, сондай-ақ алматылықтардың орташа жалақыларының деңгейі 3.9%-ға төмендеп кетуіне байланысты орын алды. Айта кету керек, көкөністің қымбаттауына жаңа өнімдер түсетін маусымның аяқталғандығы, ал сүттің бағасына оған қатысты өндірістің өзіндік бағасының қымбаттауы себеп болды.

Индекс қолға алынғалы бері (2022 мамыр) оның мәні 20 порцияға қысқарды. Алматыда осы уақыт ішінде, яғни 7 ай ішінде ет 20.7%-ға, май 22.6%-ға, ал жұмыртқа 12.2%-ға қымбаттады.

Ресми статистика деректері бойынша қайта есептеу барысында Дастархан Индексі 193 порцияны құрады.

Астана тұрғындарына арналған Индекс – 210 порция

Қазан айының қорытындысы бойынша Индекс 2 порцияға азайды. Бұған Елордада орташа жалақы деңгейінің 1.0%-ға азайғаны себеп болды. Мұнда бір ай ішінде азық-түлік өнімдерінің бағасында анау айтқандай өзгеріс байқалған жоқ.

Индекс қолға алынғалы бері (2022 мамыр) Астанада Индекс 8 порцияға қысқарды. Бұған ет бағасының (+14.4%), майдың (+46.3%), ұн мен жарманың (+11.1%) және қанттың (+18.0%) қымбаттағаны әсер етті.

Ресми статистика деректері бойынша қайта есептеу барысында Дастархан Индексі 205 порцияны құрады.

Жеке инфляция

Алматылықтың жеке инфляциясы қарашада 1.9%-ды (қазанда 1.6%), ал астаналықтың жеке инфляциясы – 0.7%-ды (0.3%) құрады. Ал ресми статистика деректері бойынша Алматы тұрғыны үшін жеке инфляция деңгейі 2.7%-ға (2.0%), ал Астана тұрғыны үшін 7.7%-ға (1.5%) тең.

Өнімдердің Алматыдағы бағасы. Тағамдар топтамасын дайындау үшін қажетті салмақтар ескерілген жоқ, теңге

Азық-түлік өнімдері  Jusan big-data    Ресми статистика    Айырмашылық  
Ет128508879+45%
Көкөністер22221951+14%
Күнбағыс және сары май65084632+41%
Жұмыртқа558460+21%
Ұн және жарма826905-9%
Сүт517486+6%
Қант497511-3%
Басқалар (ашытқы мен шай)1839511696+57%

Өнімдердің Астанадағы бағасы. Тағамдар топтамасын дайындау үшін қажетті салмақтар ескерілген жоқ, теңге

Азық-түлік өнімдері  Jusan big-data    Ресми статистика    Айырмашылық  
Ет116219637+21%
Көкөністер13362234-40%
Күнбағыс және сары май43815164-15%
Жұмыртқа512536-5%
Ұн және жарма9251090-15%
Сүт439388+13%
Қант525496+6%
Басқалар (ашытқы мен шай)1434711277+27%

Бір ай ішінде Jusan big-data деректері бойынша азық-түлік өнімдерінің бағасы өзгерген жоқ десе де болады. Ал ресми статистика бойынша бағалар айтарлықтай өсті. Мұндай алшақтықтың себебін мүмкін бағалардың өзгеруіне желелік дүкендердің баяу ден қоятындығымен немесе ресми статистика сатушылардың басым бөлігін, олардың ішінде ұсақ азық-түлік дүкендерін және басқа да делдалдарды қамтитындығымен түсіндіруге болатын шығар деп ойлаймыз.

Дастархан индексінің серпіні, азық-түлік қоржынының бағасы және әрбір азық-түлік өнімдерінің бағасы бар интерактивті графикалар мына сілтемеде қолжетімді: https://jusananalytics.kz/dastarhan/.

Оқуды ұсынамыз
6 Сәуір 2023

20 Наурыз 2023

15 Наурыз 2023