Алматы тұрғындарына арналған Индекс – 144 порция
Бір ай ішінде Индекс 8 порцияға азайды. Индекстің бұлайша айтарлықтай төмендеуі негізінен көкөніс (+13.3%) пен сүт (+2.7%) бағаларының қымбаттауына, сондай-ақ алматылықтардың орташа жалақыларының деңгейі 3.9%-ға төмендеп кетуіне байланысты орын алды. Айта кету керек, көкөністің қымбаттауына жаңа өнімдер түсетін маусымның аяқталғандығы, ал сүттің бағасына оған қатысты өндірістің өзіндік бағасының қымбаттауы себеп болды.
Индекс қолға алынғалы бері (2022 мамыр) оның мәні 20 порцияға қысқарды. Алматыда осы уақыт ішінде, яғни 7 ай ішінде ет 20.7%-ға, май 22.6%-ға, ал жұмыртқа 12.2%-ға қымбаттады.
Ресми статистика деректері бойынша қайта есептеу барысында Дастархан Индексі 193 порцияны құрады.
Астана тұрғындарына арналған Индекс – 210 порция
Қазан айының қорытындысы бойынша Индекс 2 порцияға азайды. Бұған Елордада орташа жалақы деңгейінің 1.0%-ға азайғаны себеп болды. Мұнда бір ай ішінде азық-түлік өнімдерінің бағасында анау айтқандай өзгеріс байқалған жоқ.
Индекс қолға алынғалы бері (2022 мамыр) Астанада Индекс 8 порцияға қысқарды. Бұған ет бағасының (+14.4%), майдың (+46.3%), ұн мен жарманың (+11.1%) және қанттың (+18.0%) қымбаттағаны әсер етті.
Ресми статистика деректері бойынша қайта есептеу барысында Дастархан Индексі 205 порцияны құрады.
Жеке инфляция
Алматылықтың жеке инфляциясы қарашада 1.9%-ды (қазанда 1.6%), ал астаналықтың жеке инфляциясы – 0.7%-ды (0.3%) құрады. Ал ресми статистика деректері бойынша Алматы тұрғыны үшін жеке инфляция деңгейі 2.7%-ға (2.0%), ал Астана тұрғыны үшін 7.7%-ға (1.5%) тең.
Өнімдердің Алматыдағы бағасы. Тағамдар топтамасын дайындау үшін қажетті салмақтар ескерілген жоқ, теңге
Азық-түлік өнімдері | Jusan big-data | Ресми статистика | Айырмашылық |
Ет | 12850 | 8879 | +45% |
Көкөністер | 2222 | 1951 | +14% |
Күнбағыс және сары май | 6508 | 4632 | +41% |
Жұмыртқа | 558 | 460 | +21% |
Ұн және жарма | 826 | 905 | -9% |
Сүт | 517 | 486 | +6% |
Қант | 497 | 511 | -3% |
Басқалар (ашытқы мен шай) | 18395 | 11696 | +57% |
Өнімдердің Астанадағы бағасы. Тағамдар топтамасын дайындау үшін қажетті салмақтар ескерілген жоқ, теңге
Азық-түлік өнімдері | Jusan big-data | Ресми статистика | Айырмашылық |
Ет | 11621 | 9637 | +21% |
Көкөністер | 1336 | 2234 | -40% |
Күнбағыс және сары май | 4381 | 5164 | -15% |
Жұмыртқа | 512 | 536 | -5% |
Ұн және жарма | 925 | 1090 | -15% |
Сүт | 439 | 388 | +13% |
Қант | 525 | 496 | +6% |
Басқалар (ашытқы мен шай) | 14347 | 11277 | +27% |
Бір ай ішінде Jusan big-data деректері бойынша азық-түлік өнімдерінің бағасы өзгерген жоқ десе де болады. Ал ресми статистика бойынша бағалар айтарлықтай өсті. Мұндай алшақтықтың себебін мүмкін бағалардың өзгеруіне желелік дүкендердің баяу ден қоятындығымен немесе ресми статистика сатушылардың басым бөлігін, олардың ішінде ұсақ азық-түлік дүкендерін және басқа да делдалдарды қамтитындығымен түсіндіруге болатын шығар деп ойлаймыз.
Дастархан индексінің серпіні, азық-түлік қоржынының бағасы және әрбір азық-түлік өнімдерінің бағасы бар интерактивті графикалар мына сілтемеде қолжетімді: https://jusananalytics.kz/dastarhan/.