Дастархан индексі: 2022 жылдың 8-12 тамызы

Тамыз айының екінші аптасының қорытындысы бойынша Елорда тұрғындары үшін Дастархан индексі 215 порцияны, ал Алматы тұрғындары үшін 153 порцияны құрады. Сәйкесінше бір апта ішінде Индекстің мәні Нұр-Сұлтан бойынша 1.8%-ға, Алматы бойынша 0.3%-ға жоғарылады.

15 тамызда 2022 жылдың 1 тамызына қарасты зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері жарияланды. Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша ол 109 156 теңгені құрады. Бұл 2022 жылдың 1 шілдесіндегі көрсеткіштен (117 469 теңге) 7.1%-ға төмен.

Жаңа деректер негізінде қайта есептелген Дастархан индексі зейнетақы төлемдерін алушылар үшін мынадай мәнді құрады:

  • Нұр-Сұлтан қаласында Индекс 60 порция деңгейінде болды. Орташа зейнетақының өзгеруін ескере отырып, ол бір апта ішінде 1.8%-ға көтерілді, бірақ шілде айымен салыстырғанда 5.6%-ға төмендеді. Тұтыну себеті бағасының өсуі және зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшерінің қысқаруы салдарынан көрсеткіштің төмендеуі бақылау басталған мерзімнен бері 5.0%-ды құрады;
  • Алматыда – 51 порция. Апталық өсім 0.3%-ды құрады (шілде айымен салыстырғанда төмендеу – 6.7%, ал бақылау басталғалы бері – 10.2%).

Тамыздың екінші аптасының қорытындысы бойынша азық-түлік қоржынының бағасы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 1 833 теңгені құрап, өткен аптамен салыстырғанда 1.8%-ға төмендеді. Елорда тұрғындары үшін азық-түлік қоржынының бұған дейінгі аптамен салыстырғанда арзандауы жаңа піскен көкөністердің бағасы (-13.6%) мен ұн және жарма бағасының төмендеуіне (-9.1%) байланысты болды.

 Алматы қаласы бойынша азық-түлік қоржыны 2 300 теңгені құрады. Бұл оның Елордадағы бағасынан 25.5%-ға жоғары. Алматыда азық-түлік қоржынының бағасы бір апта ішінде 0.3%-ға төмендеді. Алматы тұрғындары үшін азық-түлік қоржынының бұған дейінгі аптамен салыстырғанда арзандауы жаңа піскен көкөністердің бағасы (-0.8%) мен ұн және жарма бағасының Нұр-Сұлтан қаласына қарағанда аздап төмендегеніне (-8.4%) байланысты орын алды. Бұл ретте майдың (+1.9%) және сүттің бағасы (+0.2%) өсті.

Дастархан индексінің егжей-тегжейлі даму барысы мен азық-түлік қоржынының бағасы көрсетілген интерактивті графика мына сілтемеде: jusananalytics.kz/kz/dastarhan/

Оқуды ұсынамыз
6 Сәуір 2023

20 Наурыз 2023

15 Наурыз 2023