Тамыз айының төртінші аптасының қорытындысы бойынша Елорда тұрғындары үшін Дастархан Индексі 212 порцияны, ал Алматы тұрғындары үшін 153 порцияны құрады.
Бұған дейінгі аптамен салыстырғанда Нұр-Сұлтанда Индекс 0.9%-ға азайды, ал Алматыда бұрынғы деңгейінде қалды. Шілде айымен салыстырғанда Индекстің мәні сәйкесінше 8.2%-ға және 8.5%-ға жоғарыласа, бақылау басталған мерзімнен бері (2022 мамыры) сәйкесінше 2.9%-ға және 7.0%-ға төмендеді.
Қарастырылып жатқан аптаның қорытындысы бойынша азық-түлік қоржынының бағасы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 1 848 теңгені құрады (бір апта ішінде+0.7%, бір ай ішінде -0.8%, 3022 жылдың мамырынан +10.1%).
Азық-түлік қоржынының шілде айымен салыстырғанда арзандауы көкөністер бағасының (-8.0%) және ұн мен жарма бағаларының төмендеуіне (-2.9%) байланысты болды. Бұл енді маусымдық сипатқа ие. 2022 жылдың мамырымен салыстырғанда май бағасының (+45.1%-ға), ет бағасының (+12.9%-ға) және ұн мен жарма бағаларының (+7.6%-ға) қымбаттағаны байқалады. Бұл ретте көкөніс бағасы айтарлықтай түсті (-13.8%).
Алматы қаласы бойынша азық-түлік қоржыны 2 301 теңгені құрады. Бұл оның Елордадағы бағасынан 25.4%-ға жоғары. Бұған дейінгі аптамен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріс байқалған жоқ. Бірақ азық-түлік қоржынының бағасы шілде айымен салыстырғанда 0.3%-ға төмендеп, бақылау кезеңінен бері 15.6%-ға өсті.
Азық-түлік қоржынының бір ішінде арзандауы ұн мен жарма бағаларының (-7.5%-ға) және көкөніс бағаларының (-2.0%-ға) төмендегеніне тікелей байланысты болды. Бұл ретте майдың бағасы басқа бағаларға қарағанда (+2.1%) айтарлықтай өсті. 2022 жылдың мамырымен салыстырғанда ет бағасы (+20.7%-ға), май бағасы (+17.0%-ға), қант бағасы (+6.6%-ға) және ұн мен жарманың бағалары (+3.3%-ға) айтарлықтай қымбаттады. Айта кетелік, көкөністердің маусымдық төмендеуі 5.5%-ды құрады.
Дастархан индексінің егжей-тегжейлі даму барысы мен азық-түлік қоржынының бағасы көрсетілген интерактивті графика мына сілтемеде: https://jusananalytics.kz/kz/dastarhan/
Қосымша:
Дастархан Индексі зейнетақы төлемдерін алушылар үшін мынадай мәнді құрады:
- Нұр-Сұлтан қаласында Индекс 59 порция болды. Өткен аптамен салыстырғанда Индекс өзгерген жоқ. Шілде айымен салыстырғанда 6.4%-ға, ал бақылау басталған мерзімнен бері 5.9%-ға төмендеді;
- Алматыда – 47 порция. Бір апта ішінде Индекс өзгерген жоқ. Бұл ретте шілде айымен салыстырғанда – 7.6%-ға, ал бақылау басталған кезеңнен бері – 11.0%-ға төмендеді.