Дастархан индексі: 2022 жылдың 17–23 қазаны

Дастархан индексі әлі де Астанада 212 порцияны, Алматыда 153 порцияны құрайды. Елордада азық-түлік өнімдерінің бағасы өзгеріссіз қалды. Ал Алматыда өзгерістер мардымсыз болғандықтан, Индекске әсер етпеді.

Алматыда сүт өнімдерінің бағасы қымбаттап жатыр. Айталық, сүт бағасы 0.6%-ға, ал май бағасы 1.6%-ға өсті. Бұған дейін жазғанымыздай, бұл өзіндік бағаның өсуіне байланысты болып отыр. Ал оның өсуіне ішкі және сыртқы инфляциялық ахуал әсер етуде. Сонымен қатар тауық жұмыртқасының бағасы да қымбаттады. Ол өткен аптамен салыстырғанда 8.7%-ға өсті. Өйткені жұмыртқа бағытындағы фабрикаларға мемлекеттен көмекқаржы беру тоқтатылған. Сәйкесінше  баға нарыққа байланысты қалыптасуда. Шай мен ашытқы бағасы да қымбаттады (+1.9%). Бұған тауар жеткізудің ғаламдық жолдарындағы іркілістер себеп болуда.

Дастархан индексінің серпіні, азық-түлік қоржынының бағасы және әрбір азық-түлік өнімдерінің бағасы бар интерактивті графикалар мына сілтемеде қолжетімді: https://jusananalytics.kz/dastarhan/.

Оқуды ұсынамыз
6 Сәуір 2023

20 Наурыз 2023

15 Наурыз 2023