Дастархан индексі: 1-7 тамыз

Тамыз айының алғашқы аптасының қорытындысы бойынша Елорда тұрғындары үшін Дастархан индексі 221 порцияны, ал Алматы тұрғындары үшін 153 порцияны құрады. Сәйкесінше бір апта ішінде Индекстің мәні Нұр-Сұлтан бойынша 7.6%-ға, Алматы бойынша 8.3%-ға жоғарылады. Ал бақылау басталған мерзімнен бері сәйкесінше (2022 жылдың мамырымен салыстырғанда) -3.4%-ға және 7.1%-ға төмендеді.

Еске саламыз, Индекс жалақының орташа мөлшерінің Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында Jusan big-data бағалары бойынша Дастархан мәзірін дайындауға арналған азық-түлік қоржынының бағасына қатынасы ретінде есептеледі. Индекс екі қалада 2022 жылдың 2 тоқсанына қарай орташа айлық жалақының өсуіне байланысты өзгерді: Нұр-Сұлтан қаласында ол 7.4%-ға өсіп, 393 464 теңгені құраса, Алматыда 7.6%-ға өсіп, 352 486 теңгені құрады. Атап өту керек, бұл деректер 9 тамызда жарияланды. Бұған дейін есептеуге 2022 жылдың 1 тоқсанына қарасты мәндер қолданылып келді.

Базалық зейнетақы төлемдерін ескере отырып, Дастархан индексін орташа зейнетақы төлемдеріне қатысты есептеу нәтижесінде (Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері) біз мынадай мәндерге қол жеткіздік:

  • Нұр-Сұлтан қаласында Индекс 63 порция деңгейінде қалды (бір ай ішіндегі төмендеу – 3.0%, ал бақылау басталғалы бері өсім – өзгеріссіз),
  • Алматыда өзгеріс жоқ – 51 порция (бір ай ішіндегі төмендеу – 11.0%, ал бақылау басталғалы бері – 3.7%).

Тамыздың алғашқы аптасы ішінде азық-түлік қоржынының бағасы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 1 865 теңгені құрады (өткен аптамен салыстырғанда +0.1%), ал Алматы қаласы бойынша – 2 306 теңге (-0.1%).

Нұр-Сұлтанда азық-түлік қоржыны ұн мен жарма бағаларының айтарлықтай өсуі (+9.1%) есебінен қымбаттады. Бұл ретте көкөністің бағасы жаз мерзіміне байланысты арзандаған.

Алматыда азық-түлік қоржыны көкөністер бағасының түсуіне байланысты (-2.2%) арзандады. Алайда қант бағасы бір апта ішінде 1.8%-ға өсті.

Дастархан индексінің егжей-тегжейлі даму барысы мен азық-түлік қоржынының бағасы көрсетілген интерактивті графика мына сілтемеде: jusananalytics.kz/kz/dastarhan/

Оқуды ұсынамыз
6 Сәуір 2023

20 Наурыз 2023

15 Наурыз 2023