АҚШ ФРЖ 27 шілдедегі отырысының қорытындысы бойынша мөлшерлемені 2.25-2.50%-ға дейін көтерді

Негізгі мөлшерлеме осымен екінші рет 0.75 пайыздық тармаққа (п.т.) көтерілді. Америкалық реттеуші мөлшерлемені ағымдағы жылдың маусымында дәл осы мөлшерге көтерген болатын. АҚШ Федералды резервтік жүйесінің (ФРЖ) Ашық нарықтар бойынша комитеті 2022 жылы негізгі мөлшерлеме 3.25-3.50%-ға, ал алдағы жылы 3.50-3.75%-ға өсетіндігін болжап отыр.

КезеңАҚШ ФРЖ негізгі мөлшерлемесіИнфляция
ӨзгерісМән
2022 наурыз+ 0.25 п.т.0.25-0.508.5
2022 мамыр+ 0.50 п.т.0.75-1.08.6
2022 маусым+ 0.75 п.т.1.5-1.759.1
2022 шілде+ 0.75 п.т.2.25-2.50N/A
2022 (болжам) 3.25-3.505.2
2023 (болжам) 3.50-3.752.6
Дереккөз: АҚШ ФРЖ Ашық нарықтар бойынша комитеті

Жалпы әлемнің ең әрі экономикасында ақша-несие саясатын қатаңдату шарасы үстіміздегі жылдың наурызында басталған еді. Онда мөлшерлеме 0.25-0.50%-ға өскен болатын. Оған қоса 1 шілдеден бастап, америкалық орталық банк өз балансындағы активтерді қысқартуға кірісті. Биыл жыл соңына дейін Ашық нарықтар бойынша комитеттің тағы 3 отырысы өтеді. Міне, сол жиындарда АҚШ-тың ақша-несие саясатының алған бағыты айқындалатын болады.

Америкалық экономикада инфляцияға бұрын-соңды болмаған дәрежеде тосқауыл қойылуда. Осы жағдайда жұмсақ монетарлық саясатқа нүкте қойылды. Соңғы деректерге сәйкес, АҚШ ФРЖ монетарлық саясатының бағыты бірден өзгергеніне қарамастан, елде бағалар біртіндеп өсе түскен. Нақты айтар болсақ, тұтыну бағаларының индексі маусым айында жылдық тұрғыда 9.1%-ға өсті. Бұл соңғы 40 жыл ішіндегі ең жоғары өсім. Инфляцияның құрамдас бөліктері тұрғысынан алып қарағанда, отын бағасы ж/ж 60%-ға, ал азық-түлік өнімдері 10,4%-ға қымбаттады. АҚШ ФРЖ болжауы бойынша елде инфляция деңгейі биыл орташа жылдық мәнде 5.2%-ды құрайды. Ал 2023 жылы 2.6%-ға дейін түседі. 2023 жылы алға қойылған орташа жылдық мақсаттық меже – 2.0%.

АҚШ ФРЖ «қаршығалық» саясаты көптеген елдерге тікелей ықпал етеді: доллардың қымбаттауы дамушы елдердің ұлттық валютасына қосымша қысым түсіреді және капиталдың жылыстауына әкеп соғады. Сондай-ақ АҚШ-тың тәуекелсіз қаржы құралдары табыстылығының артуына байланысты дамушы нарықтардың инвестициялық тартымдылығы төмендей бастайды.

Америкалық орталық банктің пайыздық мөлшерлемесінің өсуі – бұл корпоративтік сектор және дамушы елдер үшін қарыз алу талаптары қиындай түседі деген сөз. Борыштық жүктеме бойынша қызмет ету және оны одан әрі қайта қаржыландыру мүмкіндіктері әлемдік экономиканың корпоративтік және тәуелсіз субъектілері үшін өте қиын бола түседі. Мұндай дефолтқа бірінші болып Шри Ланка жол берді.

Пайыздық мөлшерлеменің жоғарылауы экономикалық пессимизмді және айқынсыздықты арттыра түседі. Мұндай жағдайда нарыққа қатысушылар инвестициялық тәуекел үшін үлкен сыйлықақы қарастыратын болады. Нәтижесінде талап етілген табыстылық артады және сәйкесінше АҚШ-та және бүкіл әлемде кез келген инвестициялық жоба бойынша дисконттау, яғни базалық жылдық бағаға келтіріп есептеу мөлшерлемесі де өседі.

Халықаралық ұйымдардың болжамы бойынша америкалық экономиканың даму келешегі бұлыңғыр. Атап айтар болсақ, Еуропаның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) соңғы маусымдық бағасына сәйкес, америкалық экономиканың өсу қарқыны 2022 жылы 2.3-2.5%-ға дейін бәсеңдейді (бір жыл бұрын – 5.7%). 2023 жылы АҚШ Жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 1.2%-ға артады. Халықаралық валюта қоры өзінің шілде айында жасаған жаңа баяндамасында биыл америкалық экономиканың даму қарқыны бірден 2.3%-ға және келесі жылы 1.0%-ға түсетіндігі туралы болжам жасады. Financial Times сауалнама жүргізген жетекші экономистердің 70%-ы алдағы жылы америкалық экономика рецессияға аяқ басады деп санайды.

Оқуды ұсынамыз
6 апреля 2023

20 марта 2023

15 марта 2023