Валюта нарығына апталық шолу (2022 жылдың 25-29 шілдесі)

Қарастырылып отырған апта ұлттық валюта үшін жайлы өтті. Теңге АҚШ долларына қатысты 1.40%-ға – 477.09 теңгеге дейін, Ресей рубліне қатысты елеулі түрде 7.41%-ға – 7.75 теңгеге дейін нығайды. Шілдеде теңге долларға қатысты 1.44%-ға әлсіреп, рубльге қатысты 13.70%-ға нығайды (сәйкесінше жыл басынан бергі жалпы әлсіреу 10.49% және 34.55%).

Шілде айында оған дейінгі аймен салыстырғанда теңге бағамының долларға және рубльге қатысты айлық құбылмалылығы төмендеді. Бұл ретте USDKZT жұбының апталық құбылмалылығы оған дейінгі аптамен салыстырғанда өсті.

USDKZT жұбының сауда көлемі шартты түрде оған дейінгі аптамен тең болып, 627.09 млн долларды құрады. (2022 жылғы орташа апталық сауда көлемімен салыстырғанда 7%-ға жоғары). USDKZT жұбының сауда көлемі шілдеде оған дейінгі айға қарағанда 11.9%-ға артып, 2 119.8 млн долларды құрады.

Jusan Analytics ой-пікірі

Сыртқы жағдайдың оң сипатта болуы және ҚРҰБ базалық мөлшерлемесінің өсуі теңге жайғасымының ағымдағы деңгейде сақталуына септігін тигізді. Алайда Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыс, COVID-19 пандемиясы және АҚШ пен Қытайдағы әлсіз экономикалық даму аясында ХВҚ-ның әлемдік ЖІӨ-нің түсетіндігі туралы жасаған болжамы рецессиялық құбылыстардың болуы мүмкіндігін растайды. Дамушы елдер ғаламдық экономикалық құлдыраудың салдарын дамыған елдерге қарағанда қатты сезінеді. Бұл ретте ұлттық валютаның айырбас бағамы саудадан және капиталдың кетуінен түсетін күйзелтуші соққыларды сіңіруші негізгі фактор. Сондай-ақ Қазақстандағы инфляцияға қатысты жағдай айқын емес. ҚРҰБ жыл соңына қарай инфляцияның өсетіндігі туралы жасаған өз бағасын қайта қарайтындығын хабарлады. Бұл ретте біздің пікірімізше мөлшерлеменің қазіргі жоғары деңгейі теңге және теңгелік активтердің тартымдылығының артуының негізгі себебі бола алмайды. Қанша айтқанмен жағдайдың айқын еместігі бәрібір доллардың теңгеге қатысты жайғасымын күшейте түседі.


Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Еженедельный обзор валютного рынка (25 июля – 29 июля 2022 года) Еженедельный обзор валютного рынка (25 июля – 29 июля 2022 года)
Валюта нарығына апталық шолу (2022 жылдың 25-29 шілдесі) Валюта нарығына апталық шолу (2022 жылдың 25-29 шілдесі)
Weekly Forex Review (July 25 – 29, 2022) Weekly Forex Review (July 25 – 29, 2022)
Оқуды ұсынамыз
4 апреля 2023

4 апреля 2023

29 марта 2023