Депозиттер серпіні: 2022 қарашасындағы өзгерістер

Қарашада депозиттердің жиынтық көлемі 170 млрд теңгеге қысқарып, 30 трлн теңгені құрады. Бұлай қысқаруына корпоративтік депозиттердің 736 млрд теңгеге азайып кетуі себеп болды. Ал жеке тұлғалардың депозиттері керісінше өсіп жатыр – бір ай ішінде оның көлемі 566 млрд теңгеге артты. Депозиттердің даму серпіні «Экономика цифрлармен» бөлімінде интерактивті графикалар түрінде егжей-тегжейлі берілген: https://jusananalytics.kz/kz/dinamika-depozitov/.

Корпоративтік сектор бойынша 21 банктің 15-інде депозиттер азаюда. Яғни заңды тұлғалардың шоттарында ақшаның түсуінен көрі алынуы басым болып жатыр деген сөз. City және Халық-та корпоративтік салымдар портфелі сәйкесінше 193.2 млрд және 191.9 млрд теңгеге айтарлықтай азайды. Заңды тұлғалардың салымдарының жылыстауы бойынша топ-5 банктің қатарына мына банктер кіреді: Қытай банкі (-148.7 млрд), Еуразиялық банк (-94.4 млрд) және Kaspi (-86.1 млрд). Ал БЦК (+29.9 млрд), Шинхан (+22.7 млрд), RBK (+18.5 млрд) және Банка Фридом Финанс-та (+18.1 млрд тенге) керісінше оң серпін байқалады.

Бөлшек сауда, яғни жеке тұлғалардың депозиттерін барлығынан бұрын өзіне Халық (+207.5 млрд), Kaspi (+108.4 млрд) және БЦК (+82 млрд) тартты. Бұл жерде Bereke банкті жеке атап өтуге болады. Мұнда өткен жылы депозиттер көптеп алынған болатын. Енді керісінше 17 млрд теңгеге артып отыр. Жалпы 21 банктің 16-сында жеке тұлғалардың депозиттерінің көлемі арту үстінде.

Оқуды ұсынамыз
6 Сәуір 2023

20 Наурыз 2023

15 Наурыз 2023