Қарашада депозиттердің жиынтық көлемі 170 млрд теңгеге қысқарып, 30 трлн теңгені құрады. Бұлай қысқаруына корпоративтік депозиттердің 736 млрд теңгеге азайып кетуі себеп болды. Ал жеке тұлғалардың депозиттері керісінше өсіп жатыр – бір ай ішінде оның көлемі 566 млрд теңгеге артты. Депозиттердің даму серпіні «Экономика цифрлармен» бөлімінде интерактивті графикалар түрінде егжей-тегжейлі берілген: https://jusananalytics.kz/kz/dinamika-depozitov/.
Корпоративтік сектор бойынша 21 банктің 15-інде депозиттер азаюда. Яғни заңды тұлғалардың шоттарында ақшаның түсуінен көрі алынуы басым болып жатыр деген сөз. City және Халық-та корпоративтік салымдар портфелі сәйкесінше 193.2 млрд және 191.9 млрд теңгеге айтарлықтай азайды. Заңды тұлғалардың салымдарының жылыстауы бойынша топ-5 банктің қатарына мына банктер кіреді: Қытай банкі (-148.7 млрд), Еуразиялық банк (-94.4 млрд) және Kaspi (-86.1 млрд). Ал БЦК (+29.9 млрд), Шинхан (+22.7 млрд), RBK (+18.5 млрд) және Банка Фридом Финанс-та (+18.1 млрд тенге) керісінше оң серпін байқалады.
Бөлшек сауда, яғни жеке тұлғалардың депозиттерін барлығынан бұрын өзіне Халық (+207.5 млрд), Kaspi (+108.4 млрд) және БЦК (+82 млрд) тартты. Бұл жерде Bereke банкті жеке атап өтуге болады. Мұнда өткен жылы депозиттер көптеп алынған болатын. Енді керісінше 17 млрд теңгеге артып отыр. Жалпы 21 банктің 16-сында жеке тұлғалардың депозиттерінің көлемі арту үстінде.