Депозиттер серпіні: 2022 маусымындағы өзгерістер

Бір ай ішінде депозиттер көлемі 2.04 трлн теңгеге ұлғайды. Бұл ретте корпоративтік депозиттер ең үлкен өсімді көрсетті: олар 1.04 трлн теңгеге өсті. Ал халықтың, яғни жеке тұлғалардың депозиттері 998.5 млрд теңгеге артты. Сәйкесінше жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға тиесілі депозиттердің үлесі 52% және 48%-ды көрсетті. Депозиттердің толыққанды серпіні «Экономика цифрлармен» бөлімінде интерактивті графиктер ретінде берілген: https://jusananalytics.kz/kz/dinamika-depozitov/

Соңғы 6 ай ішінде депозиттер қоржыны бәрінен бұрын ресейлік банктердің Қазақстандағы еншілес ұйымдарында қысқарды. Атап айтар болсақ, «ECO CENTER BANK» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ еншілес банкі) депозиттерінің 90%-ынан, ДБ АО «Жинақ банкі» АҚ ЕБ және Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ шамамен 89%-ынан айырылды. Ақшалай есептегенде бұл банктерден алынған депозиттердің көлемі 3.28 трлн теңгені құрады.

Жалпы жыл басынан бері депозиттер көлемі «Заман-Банк» ИБ» АҚ-та 52.3%-ға, «First Heartland Jusan Bank» АҚ-та -11.3%-ға, «КЗХ Банкі» ЕБ» АҚ-та – 8.8%-ға және «Нұрбанк» АҚ-та 6.5%-ға қысқарды. Бұл ретте олардың ішінде тек екі банк қана соңғы бір ай ішінде депозиттер көлемін арттыра алды:  Jusan Bank 89.1 млрд теңгеге, Нұрбанк 26.7 млрд теңгеге өсірді.

Ресейлік еншілес банктерде депозиттер азайғанымен, мына банктерде жеке және корпоративтік депозиттердің көлемі артты: «Банк ЦентрКредит» АҚ-та 56.7%-ға, «Қазақстан халық банкі» АҚ-та 16.4%-ға және «KASPI BANK» АҚ-та 18.3%-ға өсті.

Бұл банктер жеке тұлғаларға тиесілі депозиттер портфелінің айлық өсімі бойынша көшбасшылар қатарында. «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ жеке тұлғаларға тиесілі депозиттердің көлемін арттыруды жалғастыруда: өсім бір ай ішінде 36.3%-ды құрады. «Ситибанк Қазақстан» АҚ-та депозиттер көлемі керісінше 93.9%-ға қысқарды.

Корпоративтік депозиттердің көлемін арттыру бойынша өткен айдың рекордшысы – «Банк Хоум Кредит» ЕБ» АҚ. Оның корпоративтік сегментінің депозиттік портфелі 175 млрд теңгеге жетті. Маусым айында бұл банкте депозиттер 97.5%-ға қысқарды. Оған дейін депозиттердің азаюы бұл банкте соңғы рет сәуір айында байқалған еді (-83.6%).

Оқуды ұсынамыз
6 Сәуір 2023

20 Наурыз 2023

15 Наурыз 2023