Баға барометрі (2022 қазан)

Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа

Негізгі тұжырымдар

 

Ғаламдық экономикада инфляциялық қысымның әлсірей бастағаны байқалады. Өйткені тұтынушылық сұраныс төмендеуде. Әлемдік экономиканың даму келешегі бұлыңғыр бола түстіБағалардың жылдық өсу қарқыны 18.8%-ға жетті. Тұтыну қоржынының барлық бөліктері қымбаттады. Базалық инфляцияның көрсеткіші жалпы мәннен жоғары. Бұл инфляциялық үдерістердің кең және тұрақты сипатқа ие екендігін көрсетеді
Көкөністер мен жемістердің маусымға байланысты арзандауы тоқтады. Олардың инфляцияны бәсеңдетуге бағытталған әсері де басылды. Соған байланысты азық-түлік инфляциясы қайтадан өрши бастады. Ал азық-түлік емес және сервистік инфляция бәсеңдедіХалықтың инфляциялық болжамы нашарлап, инфляцияның нақты деңгейінен асып түсті. Демек, қазақстандықтар инфляцияның көп ұзамай бәсеңдейтіні туралы пікірлерін өзгертті. Енді бағалардың ұзақ уақыт – кемінде 1 жыл бойы өсетіндігін күтеді
Инфляциялық болжамдар нашарлап жатыр. Бұл Ұлттық Банктің базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдауға қатысты риторикасы және белгіленген тәсілдері аясында монетарлық шарттарды қатаңдатуға негіз болатын факторлардың біріЖақын болашақта біздің болжамымыз бойынша тұтыну бағаларының негізгі қозғаушы күші азық-түлік болады. Ішкі бағаларға өзіндік өндіріс көлемінің жеткіліксіздігі және азық-түліктің бүкіл әлем бойынша қымбаттауы әсер етуі мүмкін. Бірқатар елдердің өзіндік азық-түлік қаупсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылуы азық-түліктің қымбаттауына әкеп соғуы ықтимал
Қазан айында тұтынушылық бағалардың өсуі Jusan Analytics-тің болжамдарына сәйкес келеді. Біздің болжам бойынша ағымдағы жылдың соңында инфляция 20.8-21.3%-ға дейін көтерілуі мүмкін

 


 

Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Ценовой барометр (октябрь 2022) Ценовой барометр (октябрь 2022)
Баға барометрі (2022 қазан) Баға барометрі (2022 қазан)
Price barometer (October 2022) Price barometer (October 2022)
Оқуды ұсынамыз
31 Наурыз 2023

29 Наурыз 2023

Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа

27 Наурыз 2023