Негізгі тұжырымдар
Ғаламдық экономикада инфляциялық қысымның әлсірей бастағаны байқалады. Өйткені тұтынушылық сұраныс төмендеуде. Әлемдік экономиканың даму келешегі бұлыңғыр бола түсті | Бағалардың жылдық өсу қарқыны 18.8%-ға жетті. Тұтыну қоржынының барлық бөліктері қымбаттады. Базалық инфляцияның көрсеткіші жалпы мәннен жоғары. Бұл инфляциялық үдерістердің кең және тұрақты сипатқа ие екендігін көрсетеді |
Көкөністер мен жемістердің маусымға байланысты арзандауы тоқтады. Олардың инфляцияны бәсеңдетуге бағытталған әсері де басылды. Соған байланысты азық-түлік инфляциясы қайтадан өрши бастады. Ал азық-түлік емес және сервистік инфляция бәсеңдеді | Халықтың инфляциялық болжамы нашарлап, инфляцияның нақты деңгейінен асып түсті. Демек, қазақстандықтар инфляцияның көп ұзамай бәсеңдейтіні туралы пікірлерін өзгертті. Енді бағалардың ұзақ уақыт – кемінде 1 жыл бойы өсетіндігін күтеді |
Инфляциялық болжамдар нашарлап жатыр. Бұл Ұлттық Банктің базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдауға қатысты риторикасы және белгіленген тәсілдері аясында монетарлық шарттарды қатаңдатуға негіз болатын факторлардың бірі | Жақын болашақта біздің болжамымыз бойынша тұтыну бағаларының негізгі қозғаушы күші азық-түлік болады. Ішкі бағаларға өзіндік өндіріс көлемінің жеткіліксіздігі және азық-түліктің бүкіл әлем бойынша қымбаттауы әсер етуі мүмкін. Бірқатар елдердің өзіндік азық-түлік қаупсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылуы азық-түліктің қымбаттауына әкеп соғуы ықтимал |
Қазан айында тұтынушылық бағалардың өсуі Jusan Analytics-тің болжамдарына сәйкес келеді. Біздің болжам бойынша ағымдағы жылдың соңында инфляция 20.8-21.3%-ға дейін көтерілуі мүмкін | |
Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз
Оқуды ұсынамыз
31 марта 2023
29 марта 2023
Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа