Американың экономикасы техникалық тұрғыда рецессияға енді

АҚШ экономикасы ағымдағы жылдың алғашқы үш айы ішінде 1.6%-ға құлдырап, екінші тоқсанда 0.9%-ға қысқарды. Салыстырып қарайтын болсақ, 2021 жылдың 4-ші тоқсанында әлемдегі ең ірі экономиканың даму қарқыны жылдық есепте 6.9%-ға жеткен болатын. Бұл соңғы 40 жыл ішіндегі рекордтық көрсеткіш. The Wall Street Journal газетінің сауалнамасына жауап берген жетекші экономистер америкалық экономика 2-ші тоқсанның қорытындысы бойынша ең болмағанда 0.4%-дық өсімді көрсетеді деп күткен еді.

АҚШ Жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) 2-ші тоқсанда төмендеуін бөлшек сауда көлемі мен мемлекеттік шығындардың қысқаруы және инвестицияның құлдырауына байланысты запасқа жұмсалатын жеке ивестицияның қысқаруымен түсіндіруге болады. Қазір экономиканың тарылуы елде инфляцияны рекордтық деңгейде екпіндету, ең төмен жұмыссыздық және АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесінің (ФРЖ) «қаршығалық» монетарлық саясаты аясында жүріп жатыр.

Қалыптасқан дәстүр бойынша ЖІӨ даму қарқыны екі тоқсан бойы төмендейтін болса, онда техникалық рецессия басталды деп саналады. Алайда АҚШ сауда министрлігі бұл ұғымға бұдан да ауқымды мән береді: рецессия экономиканың көптеген секторларында іскерлік белсенділіктің бірнеше ай бойы айтарлықтай төмендегенін, жұмыссыздықтың басталғанын, өндірістің және үй шаруашылықтары табыстарының төмендегенін білдіреді.

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) өзінің жаңғыртылған шілделік баяндамасында америкалық ЖІӨ-нің болжалдаған даму қарқынын төмендетті. Аталмыш ұйымның соңғы жасаған болжамдарына сәйкес ағымдағы жылы америкалық экономика 2.3%-ға, алдағы жылы 1.0%-ға қысқарады. Бұл сәйкесінше сәуірде жасалған шолудан 1.4 және 1.3 пайыздық тармаққа (п.т.) төмен.

Оқуды ұсынамыз
6 Сәуір 2023

20 Наурыз 2023

15 Наурыз 2023