Банктердің жиынтық несие портфелі РЕПО қарыздарын есепке алмағанда бір ай ішінде 785 млрд теңгеге артып, 23.3 трлн теңгені құрады. Барлығы жыл басынан бері өсім 4 трлн теңгеге немесе 20.6%-ға жетті. Толыққанды динамика интерактивті графикалар түрінде «Экономика цифрлармен» бөлімінде берілген: https://jusananalytics.kz/kz/dinamika-kreditov/
Херфиндаль-Хиршман индексі 1 696-ны құрады (бір ай ішінде -3.2 пункт). Халық банкі нарықтағы үлесінен біртіндеп айырылып жатыр (-17 пункт), бірақ жиынтық портфельдегі үлесі бойынша әлі де көш басында келеді – 33.7%. Маркетингтік акцияларды өткізу аясында Kaspi өзінің жайғасымын жақсартуда (+19 пунктов). Бұл банктерден басқа топ-5-ке несие портфеліндегі үлесі бойынша Отбасы, БЦК және Forte кіреді.
Қараша айында банктердің барлығы дерлік өздерінің несиелік портфелін ұлғайта алды. Ең жоғары өсім Kaspi-де байқалады – 266.7 млрд, Халық банкінде – 208.3 млрд және БЦК-да – 89.5 млрд теңге.
Несие беру әлеуетін арттыруға мүмкіндігі жоғары банктер ретінде Банк Фридом Финанс, Jusan, Forte және Алтын банкті атап өтуге болады. Бұл тізімге КЗИ мен Al Hilal банкті де қосуға болар еді, алайда олар белсенді несие қызметімен көзге түсіп жүрген жоқ. Bereke-нің несие беру әлеуеті капиталының қорымен шектеледі. Өйткені банк пруденциалдық нормативтерді орындау үшін оның жеткіліктілігін тек қараша айында ғана қамтамасыз ете алды.
Қарашада проблемалық қарыздардың көбейгендігі байқалмады. NPL90+-тің орташа деңгейі 4.6%-ды құрады. Яғни жалпы бұған дейінгі айдағы көрсеткішке тең. Дегенмен мына банктерде проблемалық қарыздардың өскендігі байқалды: ВТБ-да (+0.7 п.т.), Kaspi (+0.3 п.т.), Forte (+0.1 п.т.) және Еуразиялық банкте (+0.1 п.т.).
NPL90+-тің жоғары деңгейі проблемалық қарыздар бойынша қалыптастырылған провизиялардың арқасында залалсыздандырылып жатыр. Провизияның NPL90+-қа қатысты жоғары арақатынасы мына банктерде байқалады: Отбасы банкінде – 344%, Халықта – 276% және Jusan-да – 229%. Біз банктердің көпшілігі провизия жасаудың консервативті саясатын ұстанады деп санаймыз. Айталық, несие беру белсенділігі жоғары банктерде: Халық-та Kaspi, Home Credit, Jusan және Forte-де провизия деңгейі өсіп жатыр.
Сондай-ақ тәуекелділік бағасының орташа деңгейі өзгерген жоқ десе де болады. Ол 1.7%-ды құрайды. Оның айтарлықтай төмендегені Банк Фридом Финанс-та (-3.1 п.т.), ал айтарлықтай өскендігі Jusan-да (+1.2 п.т.) байқалды. Атап өту керек, бөлшек сауда банктерінде бұл көрсеткіш орташа деңгейден төмен. Бұл несие портфелі мен провизиялардың оптимистік бағаға ие екендігін көрсетеді. Тәуекелділік бағасының өсуі несие портфелін сауықтыру бойынша жұмыстардың белсенді түрде жүргізіліп жатқандығын көрсетеді.
Несиелердің табыстылығы аздап өсті: орташа табыстылық 12.7%-ды (бір ай ішінде +0.2 п.т.) құрады. Несиелердің табыстылығының жоғары мәні бөлшек сауда банктерінде және Jusan-да сақталды.
Бір ай ішінде несиелік портфельдің табыстылығы барлығынан бұрын мына банктерде өсті: Нұрбанкте (+0.7 п.т.), БЦК (+0.6 п.т.) және Еуразиялық банкте (+0.6 п.т.). Kaspi (-0.6 п.т.) мен Bereke-де (-0.7 п.т.) керісінше табыстылық төмендеп жатыр.
Жалпы ақша-несие саясатын қатаңдату көптеген бөлшек сауда банктерінің табыстылығын төмендетіп жібереді. Өйткені бұл банктер халықтың қаражатын жоғары мөлшерлемелер бойынша тартып жатыр.