Дастархан индексі осымен 4 апта қатарынан бір деңгейде сақталуда. Айталық, Астанада ол 212 порцияны, Алматыда 153 порцияны құрады.
Астанада бақылау басталғалы бері (2022 мамыр) сұраныс жоғары болғанымен, қанттың бағасы өзгеріссіз қалды. Бұл тапшылыққа және біз Индексті есептеу үшін бақылап отыратын онлайн-дүкендердегі тауарлық жайғасымның жаңармағандығына байланысты болып отыр. Алайда осы аптада қанттың бағасы бірден 22.5%-ға өсті. Өйткені қанттың бағасы бүкіл Қазақстан бойынша қымбаттады.
Алматыда көкөністердің маусымы аяқталды. Сәйкесінше бір апта ішінде олардың бағасы 2.0%-ға қымбаттады. Сондай-ақ тауықтың жұмыртқасы да айтарлықтай қымбаттады (бір апта ішінде +2.3%). Біздің пікірімізше бұл жұмыртқа бағытындағы фабрикаларға мемлекеттен көмекқаржының тоқтатылып, бағалардың нарық жағдаятына бейімделгеніне байланысты болып отыр.
Бұдан басқа Алматыда бір апта ішінде сүт өнімдерінің бағасы да өсті (сүтке +0.9%, сары майға +0.7%). Бұған өндірістің өзіндік бағасының қымбаттауы себеп болды. Өйткені оған коммуналдық қызмет бағаларының өскендігі, сондай-ақ бидай мен тыңайтқыштардың бағаларына байланысты тауықтарға берілетін азықтардың қымбаттауы әсер етті.
Осы ретте инфляциялық ахуалдың ағымдағы серпіні әзірше порциялар санының қысқаруына ықпал етіп жатқан жоқ. Бұған орташа жалақының өсімі мен бірқатар өнімдердің маусымдық сипатқа ие екендігі әсер етуде. Біздің пікірімізше бірқатар өнімдер бойынша маусымның аяқталғандығы және басқа да өнімдер бойынша бағаның күрт өскендігі таяу уақытта Дастархан Индексінің төмендеуіне әкеп соғады.
Дастархан индексінің серпіні, азық-түлік қоржынының бағасы және әрбір азық-түлік өнімдерінің бағасы бар интерактивті графикалар мына сілтемеде қолжетімді: https://jusananalytics.kz/dastarhan/.