Өткен аптада Астана тұрғындары үшін Дастархан индексі 1 порцияға көбейіп, 212 порцияға тең болды. Ал Алматы тұрғындары үшін Индекс бұрынғы деңгейінде қалды – 153 порция.
Өткен аптада Астанада азық-түлік қоржыны 0.6%-ға арзандады. Негізгі себеп – көкөніс. Ол -5%-ға арзандады. Алматыда керісінше, көкөніс бағасы +2.7%-ға қымбаттады. Алайда орташа жалақының қазіргі деңгейі бұл қымбаттауды тұрғындарға онша сездірмей жатыр.
Өткен аптада оңтүстік астанада Индекске қолданылатын азық-түлік қоржынына енетін 17 өнімнің бесеуі немесе 29.4%-ы қымбаттады. Осылайша жалпы Алматыда Дастархан индексіне қажетті азық-түлік қоржыны Астанаға қарағанда 24.3%-ға қымбат.
Астанада бір апта ішінде бір келі тарының орташа бағасы (+114 теңге) өсті. Ал қызанақ арзандады (-74 теңге).
Дастархан индексінің серпіні, азық-түлік қоржынының бағасы және әрбір азық-түлік өнімдерінің бағасы бар интерактивті графикалар мына сілтемеде қолжетімді: https://jusananalytics.kz/kz/dastarhan/
Сонымен Дастархан индексі бойынша есептелген тұтыну сұранысының деңгейі Астанада Алматыға қарағанда на 38.6%-ға жоғары.