Дастархан индексі қыркүйектің екінші аптасы қатарынан (тамыз айының қорытындысы бойынша) өзгеріссіз қалуда. Нақты айтар болсақ, Индекс Астана тұрғындары үшін 211 порцияны, ал Алматы тұрғындары үшін 153 порцияны құрайды. Бұл астаналықтар мен алматылықтардың сатып алу қабілеті бұрынғы деңгейінде сақталды дегенді білдіреді.
Дастархан тағамдарын дайындауға арналған азық-түлік өнімдерінің бағасы шамалы ғана өзгерді: Астанада ол 1 861 теңгені (тамызбен салыстырғанда +0.05%), Алматыда – 2 296 теңгені (+0.2%) құрады.
Егер бағаларды салыстырар болсақ, Алматыдағы азық-түлік қоржыны Астанаға қарағанда 23.4%-ға қымбат. Сәйкесінше Астанада азық-түлік өнімдерінің бағасы сиыр етін, қияр, қызанақ және тарыны қоспағанда арзан. Айталық, Астанада бір келі сиыр етінің орташа бағасы Алматыдағы бағаға қарағанда 1 200 теңгеге қымбат.
Дастархан индексінің егжей-тегжейлі даму барысы мен азық-түлік қоржынының бағасы көрсетілген интерактивті графика мына сілтемеде: https://jusananalytics.kz/kz/dastarhan/
Қосымша:
Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін Дастархан индексі бұған дейінгі аптамен салыстырғанда өзгерген жоқ:
- Астанада – 58 порция;
- Алматыда – 47 порция.