Тамыз айының үшінші аптасының қорытындысы бойынша Елорда тұрғындары үшін Дастархан индексі 214 порцияны, ал Алматы тұрғындары үшін 153 порцияны құрады. Бір апта ішінде айтарлықтай өзгеріс болған жоқ: Нұр-Сұлтанда индекс 1 порцияға азайды, ал Алматыда бұрынғы деңгейінде қалды. Шілде айымен салыстырғанда Индекстің мәні сәйкесінше 9.4% және 8.7%-ға жоғарылады. Ал бақылау басталған мерзімнен бері сәйкесінше (2022 жылдың мамырымен салыстырғанда) -1.8%-ға және 6.9%-ға төмендеді.
Қарастырылып жатқан аптаның қорытындысы бойынша азық-түлік қоржынының бағасы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 1 835 теңгені құрады (бір апта ішінде+0.1%, бір ай ішінде -1.5% және сәйкесінше 2022 жылдың мамырымен салыстырғанда +9.3%).
Азық-түлік қоржынының шілде айымен салыстырғанда арзандауы көкөністер бағасының (-15.7%) және ұн мен жарма бағаларының төмендеуіне (-3.2%) байланысты болды. Бұл енді маусымдық сипатқа ие. 2022 жылдың мамырымен салыстырғанда ет бағасының (+12.9%-ға), май бағасының (+45.1%-ға) және ұн мен жарманың бағаларының (+7.3%-ға) өскендігі байқалады. Бұл ретте көкөніс бағасы айтарлықтай түскен (-21.0%).
Алматы қаласы бойынша азық-түлік қоржыны 2 301 теңгені құрады. Бұл оның Елордадағы бағасынан 25.4%-ға жоғары. Бұған дейінгі аптамен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріс байқалған жоқ. Бірақ азық-түлік қоржынының бағасы айдың басынан бері 0.4%-ға төмендеп, бақылау кезеңінен бері 15.6%-ға өсті.
Алматы тұрғындары үшін азық-түлік қоржынының бұған дейінгі аймен салыстырғанда арзандауы көкөністердің (-1.9%) және ұн мен жарма бағаларының (-8.0%) төмендегеніне байланысты болды. Бұл ретте майдың бағасы басқа бағаларға қарағанда (+2.1%) айтарлықтай өсті. 2022 жылдың мамырымен салыстырғанда ет бағасы (+20.7%-ға), май бағасы (+17.0%-ға) ұн мен жарманың бағасы (+2.8%-ға) және қант бағасы (+6.6%) айтарлықтай қымбаттады. Айта кетелік, көкөністердің маусымдық төмендеуі 5.5%-ды құрады.
Дастархан индексінің егжей-тегжейлі даму барысы мен азық-түлік қоржынының бағасы көрсетілген интерактивті графика мына сілтемеде: https://jusananalytics.kz/kz/dastarhan/
Қосымша
Дастархан индексі зейнетақы төлемдерін алушылар үшін мынадай мәнді құрады:
- Нұр-Сұлтан қаласында Индекс 59 порция болды. Өткен аптамен салыстырғанда 1 порцияға аз. Шілде айымен салыстырғанда 5.6%-ға, ал бақылау басталған мерзімнен бері 5.1%-ға төмендеді;
- Алматыда – 47 порция. Бір апта ішінде Индекс өзгерген жоқ. Бұл ретте шілде айымен салыстырғанда – 6.7%-ға, ал бақылау басталған кезеңнен бері – 10.2%-ға төмендеді.