Біз күткеніміздей, бүгін ҚРҰБ базалық мөлшерлемеге 0.5 пайыздық тармақты қосып, 14.5%-ға дейін көтерді.
Инфляциялық қысымның ұзаққа созылып жатқандығын ескеретін болсақ, базалық мөлшерлеменің қазіргі жоғарылуы әрине, инфляцияны қоздыратын факторларды азайтуға септігін тигізеді. Енді көтеріңкі мөлшерлеме кредит берудің жөнсіз, өнімсіз түрде өсуіне тежеу болады. Өйткені кредит берудің орынсыз өсуі теңгенің бағамы мен тұтыну инфляциясына қысым көрсетуде. Одан басқа, мөлшерлеменің өсуі депозиттердің тартымдылығын арттырады, ақша жинау жағдайына оң әсер етеді. Бұл ұлттық валютаға үлкен қолдау болып табылады.
Бұл ретте төніп тұрған инфляциялық қауіп-қатерге қарамастан, нақты мөлшерлеме (базалық мөлшерлеме минус инфляция) тағы да нөлге тең болып отыр. Бұл ҚРҰБ теріс мөлшерлмеге жол бермеу туралы бұған дейін жариялаған саясатыны сәйкес келеді.
Ұлттық Банк өзінің баспасөз хабарламасында 2022 жылы жылдық инфляция 15%-дан жоғары болуы мүмкін екендігін хабарлады. Демек, инфляциялық қысым одан әрі күшейе түсуі мүмкін деген сөз. Соның нәтижесінде алдағы уақытта нақты мөлшерлеме теріс сипат алуы бек мүмкін. Бұл әрине, базалық мөлшерлеменің одан әрі өсуіне әкеп соғады.