Қаңтар айында Тұтынушылық бағалар индексі 1.1%-ға өсті. Ал жылдық тұрғыда өсім 20.7%-ды құрады.
Бұл жерде жылдық тұрғыда барлығынан бұрын азық-түлік тауарлары өсті (+25.7%), ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтер сәйкесінше 20.2% және 14.2%-ға көтерілді.
Бағалардың өсу қарқынының бәсеңдегеніне қарамастан (желтоқсанда +1.2%, қарашада 1.4%), ағымдағы төмендеу көп жағдайда қаңтарда экономикалық белсенділіктің маусымдық сипатта төмен болғанын білдіреді.
Инфляцияның өсу қарқынының бәсеңдеп жатқандығын әзірге инфляциялық ортаның суына бастап, инфляциялық үдерістердің тұрақтағанынан деп қабылдауға болмайды. Базалық инфляция мен инфляциялық болжамдар бойынша көрсеткіштердің үдеуі одан әрі жалғасуда. Ал бұл экономикада жоғары бағалардың ұзақ уақыт бойы сақталып келе жатқандығының және жоғары инфляция режімінің белгісі.
Жаңа жылдан бастап, негізгі есептік көрсеткіштер өсу жағына қарай қайта қаралып, күшіне енді. Сәйкесінше енді халықтың атаулы табысы өседі. Осының барлығы инфляцияның әрі қарай өсе түсуіне ықпал етуі мүмкін.
Біз бұл жерде ықпал етудің екі жолын атап өткіміз келеді:
- бизнес өкілдері өздерінің алып жүрген пайдаларының көлемін сақтап қалу үшін артық шығындарын жалақының және клиенттерінің есебінен жабатын болады;
- есептік көрсеткіштер қайта қаралғанына байланысты табысы өскен азаматтар өздерінің тұтынушылық сұраныстарын арттырады. Бұған бағалардың өсуі және әрі қарай өсу мүмкіндігі туралы күдік те итермелейді.
Біздің бағалауымыз бойынша бағалар одан әрі өсуі мүмкін. Мұны көп жағдайда ішкі құрылымдық факторлармен: жоғары инфляциялық болжамдармен, ең төменгі жалақы мөлшерін қайта қарау және жыл басында жалақыны индекстеу тәжірибесімен, импорттық тауарлар бағасының оларды түпкілікті тұтынушыға жеткізу жағдайының күрделеніп кетуіне байланысты қымбаттауымен түсіндіруге болады.