Скоринг (бағалау) өнеркәсіптің анағұрлым өміршең, тиімді сегменттерін анықтауға мүмкіндік береді және сол арқылы отандық өндірістің артта қалған аутсайдер-секторларын анықтап, соларға қатысты шешілуі тиіс мәселелерді айқындауға болады.
Өнеркәсіп саласының ішкі секторлары бірегей 10 өлшемшартпен бағаланады. Бұл ретте ішкі сектор Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) құрылымының алғашқы екі мәнімен белгіленеді.
- Әрбір өлшемшарт коэффициентпен белгіленеді. Ал коэффициент Ұлттық Статистика Бюросының (ҰСБ) деректерін қолдана отырып есептеледі. Есептеу барысында біз 2018-2020 жылдар кезеңіне тиесілі орташаланған мәндерді пайдаландық.
- Ішкі сектордың әрбір өлшемшарты бойынша алынған нәтиже тиісті сектордың көрсеткішімен салыстырылады. Кейін әрбір ішкі секторға 0-ден 3-ке дейін балл беріледі:
- 3 балл: ішкі сектор 2018-2020 жылдары тиісті сектордың максималды мәнінен асып түсті;
- 2 балла: ішкі сектор тиісті сектордың орташа мәнінен асып түсті;
- 1 балл: ішкі сектор тиісті сектордың орташа мәнінен аса алмады;
- 0 баллов*: ішкі сектор теріс нәтиже көрсетті.
* коэффициент бойынша деректер жоқ болған жағдайда 0 балл да беріледі
- Өлшемшарт бойынша берілген балл оның секторлар бағаланымындағы үлесіне көбейтіледі. Әрбір өлшемшарттың талабы бірдей. Өйткені әрбір өлшемшарт жалпы өндірістің және өнеркәсіп саласының дамуына бірегей үлес қосады.
- Барлық өлшемшарттар бойынша нәтижелер жинақталып, ішкі секторға балл беріледі – ол жоғары болған сайын, ішкі сектордың дәрежесі де жоғары бола түседі
Негізгі тұжырымдар
Біздің скоринг өнеркәсіп саласының негізгі драйверлерін анықтады. Бастапқы секторда ең тұрақты ішкі сектор – металл кендерін өндіру болып шықты: дамуды болжауға болатындығы, табыстылығы, импортпен бәсекеге қабілеттілігі және операциялық тиімділігі бойынша көрсеткіштер жоғары. Екінші деңгейдегі секторда негізгі драйвер металлургия өндірісі екен: оның артықшылықтары табыстылығы, борыштық жүктемесі, импортпен бәсекелестігі және операциялық тиімділігі арқылы анықталды. Металл кендерін өндіруді және металлургия өндірісін әрі қарай дамытуды жалғастыру – өнеркәсіп саласының жалпы көрсеткіштерінің өсуіне ықпал етеді.
Біз өнеркәсіп саласының тұрақтылығы төмен ішкі секторларын анықтадық. Бастапқы секторда аутсайдерге айналған ішкі сектор – тау-кен өндіру өнеркәсібінде көрсетілетін қызметтер. Екінші деңгейдегі секторда – дайын металл бұйымдарын өндіру бойынша ішкі сектор. Осы ішкі секторларды дамыту – өнеркәсіп саласы шығарылымдарының жалпы деңгейін және жалпы өнеркәсіп секторының даму көрсеткіштерін арттыруға септігін тигізеді.
Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз
Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа